Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Сізді не қызықтыратынын енгізіңіз
Билетті қалай сатып алуға болады

Іздеу кезінде ең төменгі тарифтер ұсынылған тізімде бірінші болады.

Тегі мен аты құжаттағы дыбысты бұзбайтын латын әліпбиінде еңгізіледі, құжаттың толық нөмірі еңгізіледі (араб және рим цифрлары) Паспорттың сериясы мен нөмірі бос орынсыз және № белгісісіз еңгізілуі керек.

Маршрут-түбіртек үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) беріледі.

Билеттегі деректерді дұрыс толтыру үшін транслитераторды немесе аудармашыны пайдалануға болады.

Тегі мен аты-жөнінің дұрыс транслитерациясы сіздің төлқұжатыңызда / жеке куәлігіңізде көрсетілген.

Егер билет әуекомпанияның ресми сайтында www.scat.kz сатып алынған болса сізге нәрестенің құжаттарымен бірге ересек адамның билетін тіркеу арқылы біздің поштаға websales@scat.kz сұрау жіберу керек. Егер билет үшінші тарап сайтынан немесе кассадан сатып алынған болса, билетті сатып алынған орнына жүгіну керек.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Бразилия және Еуропа елдерінде шығарылған карталармен төлем картада 3D secure орнатылған кодты ескере отырып мүмкін болады. 3D secure кодын орнату үшін картаны шығарған банкке хабарласу қажет.

Сіз тапсырысты басқа біреудің банктік картасымен немесе басқа адамның тапсырыстарын банктік картаңызбен төлей аласыз. Бірақ біреудің банктік картасын оның заңды иесінің келісімінсіз пайдалану заңсыз болып табылады.

Тегі мен атын тек латын тілінде, дәл төлқұжаттағыдай еңгізу керек.

Біздің сайтта жасалған барлық тапсырыстар 1 сағат бойы белсенді, содан кейін олар автоматты түрде жойылады.

Тапсырысты банктік картамен төлеу келесі себептерге байланысты болмауы мүмкін:сіздің банктік картаңызда қаражат жеткіліксіз; сіздің картаңыздың түрі Интернет арқылы төлем жасауды қолдамайды; карта деректері дұрыс көрсетілмеген (карта нөмірі немесе картаның жарамдылық мерзімі немесе CVV/CVS кодтары).Төлем сіздің банкіңіз күнделікті төлем сомасына белгілеген шектеулерге байланысты болмауы мүмкін. Осы мәселелерді шешу үшін Сіз банк мамандарымен байланыса аласыз. Сайтта төлеуге байланысты барлық қосымша сұрақтар бойынша www.scat.kz сіз websales@scat.kz электрондық пошта мекенжайына жүгіне аласыз.

Әуе компаниясының тұтынушыларды қолдау орталығына арқылы хабарласыңыз. Біздің операторға тапсырыс нөмірін және электрондық поштаңызды айтыңыз. Біз сізге қысқа мерзімде маршрут-түбіртекті қайта жібереміз.

Билеттерді төлеу уақыты сіздің тапсырысыңызда көрсетілген. Егер сіз төлемді уақытында жасай алмасаңыз, онда осы уақыттан кейін сіздің броныңыз автоматты түрде жойылады және қалпына келтірілмейді. Бұл жағдайда жаңадан тапсырыс беру керек.

Рейс ұшқанға дейін маршруттық түбіртектің көшірмесін алу үшін әуекомпанияның тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласуға болады. Егер сіз әуекомпанияның сайтында әуе билетін сатып алған болсаңыз, клиенттерді қолдау орталығында сұрау жібере аласыз немесе сайтта "брондауды басқару"бөлімінде өзіңіз жүктей аласыз.

Жауап таппадыңыз ба?

Сіздің email *
Сіздің сұрағыңыз