SCAT әуекомпаниясы

1997 жылы Шымкент қаласында бір топ ұшқыштар, авиатехниктер және аспанды сүйетін авиацияға берілген адамдар жиналды. Олардың ұшуға деген құштарлығы, өз елінде көлік инфрақұрылымын нығайту мақсаты мен табысқа деген сенімі "SCAT" әуекомпаниясынының құрылуына әсерін тигізді.

Біз кімбіз

Құрамы 17 пікірлестен тұратын авиатехниктер мен ұшқыштар базасы құрылды. Әуе кемелерді өз бетімен әрлендіріп, кеңселерін өздері жайластырып, құжаттарды әзірледі. Заңды және экономикалық сұрақтармен айналысқандары тағы бар. Бір жылдан кем уақыт ішінде осы жетістіктерге қол жеткізіп, 1998 жылы Ан-24 меншікті ұшағында ең бірінші тұрақты рейс орындалды. Рейс Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша бет алған болатын. Ұйымшыл және тек қана алға ұмтылатын «SCAT» әуекомпаниясының ұжымы Шымкент авиаотрядының дәстүрін сақтап қала білді.

Біздің тарихымыз
Әуе флоты

Қазіргі таңда компанияның әуекемелер паркі өз меншігіне тиесілі батыста өндірілген ұшақтардан құралған 80- нен астам ішкі және халықаралық әуе бағыттарын пайдаланып отыр. Жыл сайын онға жуық жаңа бағыттар ашылып, жолаушылар саны 40%-ға дейін артуда.

Әуе кемелері флоты
Көмек

Спорттық жабдықтарды тасымалдау үшін өтінімді "SCAT" әуекомпаниясының өкілдігінде ресімдеу немесе поштаға хат жазу қажет scat@scat.kz. Арнайы жабдықты тасымалдау шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: Спорттық жабдықты тасымалдау

Біз сіздің үй жануарыңыздың күйзеліссіз ұшуға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бәрін жасауға дайынбыз. Әуекомпанияға алдын ала хабарлау қажет және сіздің брондауыңызға дұрыс, өзгеріс енгізіңіз. Жануарларды тасымалдау шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: Жануарларды тасымалдау

Сұрақтар мен жауаптар