Ұшып кете алады
  • Қазақстан бойынша ішкі рейстерде ұсынылған құжаттағы аты немесе тегінде бір қате жіберілді , егер ол тегінің немесе атының дыбысын өзгертпесе
  • халықаралық рейстерде құжаттарда қателер жоқ
Ұшуға болмайды
  • Қазақстан бойынша ішкі рейстерде ұсынылған құжаттағы аты-жөні немесе тегінде біреуден артық қате жіберілсе немесе тегі немесе атының дыбысы өзгертілсе
  • халықаралық рейстерде ұшу кезінде құжатта кем дегенде бір қате бар
Қалай түзетуге болады?

Жолаушы билетіндегі тегін және/немесе аты-жөнін жазуда қателер анықталған жағдайда, жолаушы түзету қажеттілігін растайтын жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, төмендегі нысанды толтыруы қажет. www.scat.kz ресми сайтында берілген билеттер бойынша деректерді түзетуге өтінімдер күн сайын 09:00 - 18:00 дейін, бірақ рейс жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірлмей берілуі тиіс. 

Сіздің email *
Билет нөмірі немесе брондау нөмірі *
Хабар
Жолаушы төлқұжатының көшірмесі

Түзету мүмкін:
  1. жолаушының тегінде және/немесе атында дыбысты бұрмаламайтын емле қате болған кезде
  2. тектің және/немесе аттың жазылуы билет ресімделген бұрынғы құжаттардан ерекшеленетін жаңа құжаттарды алған кезде
  3. растайтын құжаттар болғандағы некеге тұруға, ажырасуға байланысты тегі өзгерген кезде
  4. растайтын құжаттар бар болғандағы бала асырап алу жағдайында тегін ауыстырған кезде
  5. тектің/аттың бірізділігі бұзылған жағдайда
Түзету құны
  • Қазақстанда ішкі рейс, алдын ала, рейс басталғанға дейін тіркелу 5 000 ₸
  • Қазақстандағы ішкі рейс тіркелу кезінде 7 000 ₸ құрайды
  • халықаралық рейс, тіркелу кезінде $15 құрайды

Басқа айыппұлдар немесе алымдар қолданылмайды. Әуекомпанияның уәкілетті агенті ұшуға дейін 40 минуттан кешіктірмей тіркеу кезінде билетке ақылы түзету енгізе алады (тек Қазақстан бойынша ішкі рейстерде, халықаралық, субсидияланатын рейстерде – тыйым салынады). Бұл қызмет билетті әуекомпанияның сайтында сатып алған жағдайда тегін жүзеге асырылады. Өтініштер күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін рейстің ұшуына кемінде 24 сағат қалғанда қабылданады. Егер билет үшінші тараптың интернет-ресурстарында сатып алынған болса, жолаушы осы ресурсқа тиісті өтінішпен жүгінуі керек. Әуекомпания: АҚШ, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Қытай елдеріне/нен ұшатын рейстерге жазылған әуебилеттердегі мәліметтерді түзетуге рұқсат етпейді.

Сондай-ақ әуекомпанияның субсидияланған, чартерлік, интерлайн және кодшер рейстерінде мәліметтерді түзетуге тыйым салынады.

Атауларды түзету технологиясы

 PDF форматында жүктеп алу, 2,6 Мб

Көмек

Басқа адамға әуе билетті қайта ресімдеуге әуекомпания ережелерімен тыйым салынады.

Сіздің төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімі сіздің бүкіл сапарыңызда жарамды екеніне сенімді болуыңыз өте маңызды. Кейбір елдерде белгілі бір уақыт аралығында (әдетте 6 ай) төлқұжаттың жарамдылығы туралы талап бар. Сапарға шықпас бұрын төлқұжатқа қойылатын барлық талаптарды барғыңыз келетін елдің елшілігінен тексеріңіз. Егер сіз сатып алған сәттен бастап ұшу сәтіне дейін жаңа төлқұжат алған жағдайда, билетпен және төлқұжатпен немесе билетті сатып алу орны бойынша "SCAT" әуекомпаниясы өкілдігінің кеңсесіне жүгініп, аты-жөнін, төлқұжат нөмірін дұрыс жаза отырып, брондауға өзгеріс енгізуіңіз қажет.

Әуекомпанияның www.scat.kz сайтында берілген жолаушының тегін және/немесе аты-жөнін жазуда қателер анықталған жағдайда жолаушы websales@scat.kz электрондық пошта мекенжайына сұранысты растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып сұрау салуы қажет. www.scat.kz ресми сайтында шығарылған билеттер бойынша деректерді түзетуге өтінімдер күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, бірақ рейстің шығуына 24 сағаттан кешіктірмей қабылданады. Көбірек біліңіз

Сұрақтар мен жауаптар