Егер Сіз және Сіздің компанияңыздың қызметкерлері SCAT әуекомпаниясының бағыттары бойынша жиі іскерлік  сапарларға шығатын болса, біз бірлестіктік қызмет ету үшін шарт түзуді ұсынамыз. Аталған шарт сіз үшін аса қажетті бағыттар бойынша оңтайлы тарифтерге қол жеткізуге, сонымен қатар әуе тасымалдарына қолма-қол ақшасыз есептесу үшін төлем жүргізу мүмкіндігін береді.

Бизнесті жүргізудің құнын және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіне отырып, SCAT әуекомпаниясы өзінің корпоративтік клиенттеріне бірқатар артықшылықтар ұсынады және брондауды, қызметкерлерге Билеттерді сатып алуды жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, сонымен қатар бизнестің дамуына көмектеседі.

Корпоративтік клиенттер үшін

  • SCAT Әуе компаниясының кез келген бағытындағы өтінім бойынша әуе билеттерін брондау
  • Арнайы төмендетілген тарифтерді ұсыну
  • Рейстің ұшқанға дейін қалған уақытқа қарамастан, бір тариф бойынша билетті сатып алу
  • Әуе тасымалдарына сіз үшін қолайлы төлем жүргізу мүмкіндігі – есептік шотқа аудару
  • Әуе билеттерін ресімдеудегі артықшылықтар
  • Ынтымақтастық кезінде ақпараттық қолдау көрсету
  • Жүк пен пошта тасымалы үшін арнайы тарифтер
  • Чартерлік рейстерді ұйымдастыру
  • Тапсырыс бойынша әуежайларда арнайы қызмет көрсету – ұшып кету/ұшып келу әуежайында VIP – залға тапсырыс беру

Келісімшартты қалай жасауға болады

Бірлестік қызмет көрсетуге Шарт жасасу үшін төмендегідей мәліметтер көрсетілетін еркін үлгіде түзілген өтінімді жіберу қажет:

  • Ұйымның атауы 
  • Компанияның қызмет ету саласы
  • Компанияның бір айдағы әуе тасымалдырының күтілетін шығындар көлемі
  • Мейлінше жиі ұшү сапарлары күтілетін бағыттар

Өтінімді  +7 (7252) 45 50 07 факсі, +7 (7252) 99 88 80 (ішкі 267, 279) телефоны , e-mail: corp.sales@scat.kz , m.bussygina@scat.kz  бойынша жіберуге болады.

Көмек

"Брондауды басқару" мүмкіндігін пайдалану арқылы рейске өзгерістер енгізуге болады. Қосымша сұрақтар, қателер болған жағдайда, сіз тікелей интернет-сату бөлімінің мамандарына электронды мекен-жай бойынша хабарласа аласыз websales@scat.kz

Егер сіз ауру себебінен билетті мәжбүрлі түрде қайтарғыңыз келсе, ұшуға тыйым салынғанын растайтын анықтама беруіңіз керек. Толығырақ осы бетте

Сұрақтар мен жауаптар