Егер мен ұшудан бас тартсам, бірақ желіде тіркелген болсам, не істеу керек және кімге жүгіну қажет?

Ұшудан бас тартқан кезде жолаушы міндетті түрде тіркеу жөніндегі агентке немесе әуекомпания өкіліне жүгініп, ұшу әуежайында тіркеуді алып тастауы не жолаушының деректерін, билет нөмірін, маршрутын және рейс нөмірін көрсете отырып, тіркеуден шығару туралы өтініш жіберуі тиіс. Өтінішке міндетті түрде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Сайттағы кері байланыс нысаны арқылы. Рейске келмегені үшін қосымша айыппұлдарды болдырмау үшін тіркеуден шығару туралы өтінішті жіберуді ұмытпаңыз, әйтпесе ұшуға дейін орын босатылған болып саналмайды. Билетті тіркеуден шыққаннан кейін немесе рейс ұшқаннан кейін ғана қайтаруға немесе қайта брондауға болады.