БалаларМүмкіндігі шектеулі жолаушыларЖүктілік


Балалар

Біз барлық жолаушыларды жас ерекшеліктеріне қарамастан компаниямыздың әуе кемесінің бортында қуана қарсы аламыз. Біз ең жас жолаушының өзіне назар аударып, оның риза болып, бізбен қайта ұшуына ниет білдіруі үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Біздің компаниямыз бен сіздің балаларыңыздың арасындағы қарым-қатынасты мейлінше жақсарту үшін, біз сіздерге компаниямыздың ұшақтарында балаларды тасымалдау ережелерімен танысуды ұсынамыз.

“SCAT” әуе компаниясында балалар ересек жолаушылардың сүйемелдеуімен, сонымен қатар сүйемелдеуінсіз де тасымалданады.

<Жетелеушісі жоқ балалар

Сүйемелденбейтін балалар “SCAT” әуе компаниясының ұшақтарымен тасымалдауға ата-аналары, қамқоршылары немесе туысқандары нотариуста расталған сенімхатпен 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды ішкі рейсте тасымалдау кезінде сүйемелденбейтін баланы тасымалдау туралы өтініш-міндеттемені толтырғаннан кейін ғана қабылданады.

Халықаралық тасымалдау кезінде қосымша түрде әуе компаниясының халықаралық рейсімен 6 жастан 18 жасқа дейінгі баланы сүйемелдеусіз тасымалдауға рұқсат беретін ата-анасының (қамқоршыларының) нотариалды түрде куәландырылған келісімі болуы керек (онда оның баратын елі мен шығу мерзімі көрсетілуі керек).

SCAT әуекомпаниясының рейстерімен ата-анасының сүйемелдеуінсіз балаларды тасымалдаудың жаңа шарттары

Субсидияланған рейстерді қоспағанда, Қазақстан бойынша тікелей тұрақты рейстерде төлем 8000 теңгені, халықаралық рейстерде алып жүрмейтін баланы тасымалдау - 20 АҚШ долларын құрайды.

Бірнеше елдер үшін бұл шарттар өзгеше:

  • Қазақстан қалаларынан Ыстамбұлға және кері тікелей тұрақты рейстерде еріп жүрмейтін баланы тасымалдағаны үшін төлем 50 АҚШ долларын құрайды.
  • Қазақстан қалаларынан Мәскеуге (Шереметьево әуежайы) және кері рейстерде - ата-анасыз ұшатын бала үшін төлем-50 АҚШ доллары.
  • Қазақстаннан Армения астанасы Ереванға және кері рейстерде ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз бала үшін 60 АҚШ доллары алынады.
  • Қазақстаннан Әзірбайжан астанасы Бакуға және кері қарай тікелей тұрақты рейстерде еріп жүрмейтін бала үшін 35 АҚШ доллары төленуі қажет.

Баланы тасымалдау үшін төлемді балаға билетті брондау кезеңінде жүйеге енгізуге болады. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қызмет үшін төлем SCAT әуекомпаниясының ұшу әуежайларындағы өкілдіктерінде қабылданады. Төлем сатып алу сәтіндегі бағам бойынша ұшып шыққан елдің ұлттық валютасында қабылданады.

Баланы алып жүру қызметі үшін төлем межелі жерге дейін бір рейс үшін алынады. Егер барып-келу билеті сатып алынса, онда төлем екі есе мөлшерде алынады.

Баланы тасымалдау жүзеге аспаған жағдайда, сүйемелдеу қызметі үшін төлем қайтарылады.

Сүйемелденбейтін балалар әуежайға әуе кемесі ұшатын мезетке дейін әуежайда бірге болуы тиіс ата-анасының немесе қамқоршысының сүйемелдеуінде келуі тиіс. Ата-аналары және қамқоршылары сүйемелденбейтін баланы ұшып келу әуежайында күтіп алуы тиіс. Өтінім баспабеттерін «SCAT» ӘК ресми сату кеңселері немесе өкілдіктерінен алуға болады.

6 жасқа дейінгі балалар тек кәмелетке толған жолаушының сүйемелдеуімен ғана тасымалданады.

Балаларды топпен тасымалдау тек әуе компаниясымен келісе отырып қана жүргізіледі.

2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының 5 тармағына сəйкес жетелеуі жоқ кəмелетке толмаған балалар 23:00 сағаттан таңғы сағат 6:00-ға дейін тасымалдануға қабылданбайды.

Жетелеушісі бар балалар.

Ішкі рейстер бойынша:

Әр 18 жастан асқан жолаушы 2 жасқа толмаған бір баланы тегін алып жүруге құқылы.

Келесі 2 жасқа толмаған балалар қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен және жеке орынмен тасымалданады.

Кәмілет жасқа толған жолаушылармен бірге ұшатын, жасмөлшері 2 және 15 жас аралығындағы жолаушыларға қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен билет алынады.

A,I,O,Q,S,P,R,X,E,U,L брондау класстары бойынша 50% жеңілдік қарастырылмаған.

Халықаралық рейстер бойынша:

Әр 18 жастан асқан жолаушы 2 жасқа толмаған бір баланы тегін алып жүруге құқылы.

Келесі 2 жасқа толмаған балалар қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен және жеке орынмен тасымалданады.

Кәмілет жасқа толған жолаушылармен бірге ұшатын, жасмөлшері 2 және 12 жас аралығындағы жолаушыларға қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен билет алынады.

A,I,O,Q,S,P,R,X брондау класстары бойынша 50% жеңілдік қарастырылмаған.

2 (екі) жасқа дейінгі балаларға арналған билеттер.

2 (екі) жасқа дейінгі балалармен ұшуды жоспарлаған жолаушылар билетті сатып алу кезінде міндетті түрде бала өзімен бірге саяхаттайтынын кассирге хабарлауға және кассирден билеті талап етуге тиіс. Осы жастағы балалар үшін билет тегін екендігіне қарамастан, оның бар болуы міндетті!

Броньда бала туралы ақпарат болмаған жағдайда SCAT авиакомпаниясы балаңыздың бортқа отыруына кепілдік бере алмайды. Бұл қауіпсіздік талаптарымен шарттастырылған, оған сәйкес 2 (екі) жасқа дейінгі балалар үшін арнайы квоталар бөлінеді, оларды алу балаңызда билеттің болуымен ғана расталады.

Жүкті әйелдер

Жүкті әйелдерді, жүктілік мерзімі бір ұрықты жүктілік кезінде 34 аптаға дейін, ал көп ұрықты жүктілік кезінде – 32 аптадан аспайтын болса, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда әуекомпания әуе көлігімен тасымалдауға қабылдайды, бұл күтілетін босану мерзімі бойынша есептелетін жүктіліктің 22 аптасынан кейін әуекомпанияға ұсынылатын жүктілік мерзімі мен денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуға тиіс.

Бір ұрықты жүктілік кезінде, жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын ал көп ұрықты жүктілік кезінде жүкті әйелдер - 32 аптадан аспайтын, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген өз денсаулығының жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның № 026/у нысанындағы қорытындысын ұсынады, оны медициналық ұйым рәсімдегеннен кейін, тасымалдау басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте болмауы қажет.

Босанғаннан кейінгі, босанған әйелдерді және жаңа туған балаларды бала туғаннан кейінгі алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде тасымалдауға жіберілмейді.

Көп ұрықты жүктілік кезінде босану мерзімінен бұрын туған балаларды тасымалдау үшін балалардың ата-аналары немесе еріп жүретін ересек адамдар әрбір балаға медициналық анықтаманы ұсынады, ол баланы әуе көлігімен тасымалдау мүмкіндігін растайды.

.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар.

SCAT әуекомпаниясы - әлеуметтік бағдарланған компания. Біз әрқашан барлық санаттағы азаматтар үшін саяхат жағдайларын жасауға тырысамыз.

Жылына бір рет Қазақстан аумағында әуекомпанияның маршруттары бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар барып-қайту билеттерін бірден рәсімдеген жағдайда бір немесе екі бағытта жеңілдікпен тасымалдауға құқылы. Бұл жеңілдік субсидияланған және чартерлік рейстерге жүрмейді.

1 топтағы мүгедек жолаушылар

  • 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жылына бір рет бір немесе екі бағытқа ұшу үшін тарифтен 100% жеңілдік беріледі. Жеңілдік Қазақстан бойынша тұрақты рейстерге жүреді. Ал чартерлік және субсидияланған рейстерге қолданылмайды.
  • Әуежайлық және басқа да алымдарды жолаушы қосымша төлейді.
  • Жеңілдікті билеттер тек белгіленген ұшу күндерімен ресімделіп, ашық күндермен ресімдеуге тыйым салынады.
  • Бірінші топтағы мүгедек адамдарды тасымалдау тек ілесуші адаммен ғана рұқсат етіледі. Ілесуші адам тіркеу кезінде қол жетімді тарифті төлейді.
  • Жеңілдікті билетті ресімдеу кезінде мүгедектікті растайтын құжатты ұсыну қажет.
  • Ұшу билетін мұндай жеңілдікпен алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болудың қажеті жоқ, жолаушы кез-келген елдің азаматы болуы мүмкін.
  • Жеңілдік билеттерді айыппұлсыз қайта брондауға немесе күшін жоюға болады. Әуе саяхатын жеңілдікпен тек меншікті сату кеңселерінде және әуе компаниямыздың өкілдіктерінде сатып алуға болады.

2 топтағы мүгедек жолаушылар

  • 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 50% жеңілдік F брондау класының тарифі бойынша бір немесе екі бағытқа ұшу үшін жылына бір рет беріледі. Жеңілдік чартерлік және субсидияланған рейстерге жүрмейді.
  • Әуежайлық және басқа да алымдарды жолаушы қосымша төлейді.
  • Жеңілдікті билетті рәсімдеу кезінде мүгедектікті растайтын құжатты ұсыну қажет.
  • Ұшу билетін мұндай жеңілдікпен алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болудың қажеті жоқ, жолаушы кез-келген елдің азаматы болуы мүмкін.
  • Жеңілдік билеттерді айыппұлсыз қайта брондауға немесе күшін жоюға болады. Әуе саяхатын жеңілдікпен тек меншікті сату кеңселерінде және әуе компаниямыздың өкілдіктерінде сатып алуға болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар

  • 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тарифтен 100% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік бір немесе екі бағытта ұшу үшін жылына бір рет беріледі. Жеңілдік Қазақстан бойынша тұрақты рейстерге жүреді. Ал чартерлік және субсидияланған рейстерге қолданылмайды.
  • Әуежайлық және басқа алымдар қосымша төленеді.
  • Мүгедектігі бар баланы тасымалдау тек еріп жүретін адаммен ғана рұқсат етіледі. Мүгедектігі бар екі және одан да көп баланы бір еріп жүретін адаммен тасымалдауға тыйым салынады.
  • Баланы ертіп жүретін адам брондау кезінде қолжетімді тарифті төлейді.
  • Билетті жеңілдікпен рәсімдеу кезінде мүгедектікті растайтын құжатты ұсыну қажет.
  • Ұшу билетін жеңілдікпен алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болудың қажеті жоқ, жолаушы кез-келген елдің азаматы болуы мүмкін.
  • Жеңілдік билеттерді айыппұлсыз қайта брондауға немесе күшін жоюға болады. Әуе саяхатын жеңілдікпен тек меншікті сату кеңселерінде және әуе компаниямыздың өкілдіктерінде сатып алуға болады.

Мүгедектер арбасын ұсыну шарттары және Ыстамбұл қаласына ұшып келгеннен кейін мүгедектер арбасындағы жолаушыны алып жүру қызметі

Ыстамбұл қаласына ұшып келу бойынша мүгедектер арбасын ұсыну талап етілетін "SCAT әуекомпаниясы" АҚ рейстерімен Ыстамбұл қаласына ұшып шығатын мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар тіркеу басталар алдында, алдын ала мүгедектер арбасын ұсыну бойынша алымды және мүгедектер арбасында алып жүру бойынша қызметтерді ресімдеу үшін әуекомпания өкіліне жүгінуі қажет.

Жолаушының мүгедектер арбасын пайдаланғаны және жолаушыны алып жүргені үшін төменде кестеде көрсетілген әуежайлармен жерде қызмет көрсету туралы шарттарда белгіленген 0JX Assistive devices 2 алымы алынады.

Келетін қала Мүгедектер арбасын беру және жолаушыны алып жүру ақысы
Стамбул 29 EUR

Мүгедектер арбасын ұсыну және алып жүру талап етілетін жолаушылар тасымалдауға мүгедектер арбасын ұсыну және EMD-де ресімделген жолаушыны алып жүру үшін 0JX төленген алым болған кезде жіберіледі.