Ақтөбе мен Атырауға ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін:

ҚР батыс өңірлеріндегі су тасқынына байланысты SCAT әуе компаниясы келесі тұрақты рейстер үшін Ақтөбе мен Атырауға (дан) билеттерді 100% қайтару мүмкіндігін ұсынады:Өңірде ТЖ басталғанға дейін, яғни 2024 жылғы 28 наурызға дейін, ұшу күні 28 наурыздан бастап 15 сәуірді қоса алғанда Ақтөбеге/ден билеттерді сатып алған жолаушылар билеттерді айыппұлсыз қайтара алады. Ереже тек келесі "Астана-Ақтөбе-Астана" DV 721/722, 1721/1722, "Алматы-Ақтөбе-Алматы" DV 711/712, 1711/1712 тұрақты рейстерге қатысты қолданылатынына назар аударамыз.
Сондай — ақ, ТЖ жарияланғанға, 2024 жылғы 7 сәуірге дейін, ұшу күні 2024 жылғы 7 сәуірден бастап 15 сәуірді қоса алғанда, Атырауға/дан билеттерді сатып алған жолаушылар әуе билеттерін айыппұлсыз қайтара алады.

Ереже тек "Алматы-Атырау-Алматы" бағыты бойынша DV 769/770 және "Астана-Атырау-Астана" бағытының DV765/766 тұрақты рейстеріне қатысты қолданылатынына назар аударамыз. Әрбір жолаушыға осы бағыттарда әуе билеттерін бір рет қайта брондау құқығы беріледі. Қызмет тегін көрсетіледі.
Маңызды жайт: ұшу күні өзгерген жағдайда, ұшу 3.05.2024 кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.