Басқа адамға әуе билетті қайта рәсімдеуге әуекомпания ережелерімен тыйым салынады.
«N» әрпі Қазақстан Республикасының төлқұжатында құжат нөмірімен бірге жазылуы керек.
Сіздің төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімі сіздің бүкіл сапарыңызда жарамды екеніне сенімді болуыңыз өте маңызды. Кейбір елдерде белгілі бір уақыт аралығында (әдетте 6 ай) төлқұжаттың жарамдылығы туралы талап бар. Сапарға шықпас бұрын төлқұжатқа қойылатын барлық талаптарды барғыңыз келетін елдің елшілігінен тексеріңіз. Егер сіз сатып алған сәттен бастап ұшу сәтіне дейін жаңа төлқұжат алған жағдайда, билетпен және төлқұжатпен немесе билетті сатып алу орны бойынша "SCAT" әуекомпаниясы өкілдігінің кеңсесіне жүгініп, аты-жөнін, төлқұжат нөмірін дұрыс жаза отырып, брондауға өзгеріс еңгізуіңіз қажет.
Әуекомпанияның www.scat.kz сайтында берілген жолаушының тегін және/немесе аты-жөнін жазуда қателер анықталған жағдайда жолаушы websales@scat.kz электрондық пошта мекенжайына сұранысты растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып сұрау салуы қажет. www.scat.kz ресми сайтында шығарылған билеттер бойынша деректерді түзетуге өтінімдер күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, бірақ рейстің шығуына 24 сағаттан кешіктірмей қабылданады. Көбірек біліңіз