Сағатты кері жылжытыңыз.
Маңызды ақпарат!

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне өтуіне байланысты SCAT әуекомпаниясы рейстер кестесін түзетті.

Брондау жүйесіне барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Бірінші наурыздан бастап ұшу/келу уақыты өзекті кестеде бар. Әуекомпанияның тұтынушыларды қолдау орталығы бұл өзгерістерге ұшыраған жолаушыларды хабардар етуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні Қазақстанның көптеген өңірлері сағат тілдерін бір сағатқа кері ауыстыратын болады.