Атырауға/дан қосымша рейстерге бірыңғай тариф

Құрметті достар, біз қазір батыс өңірлердің тұрғындарына қаншалықты қиын екенін түсініп, барынша қолдау көрсетуге тырысудамыз.

Республиканың батыс өңірлері мен қалған облыстары арасында жүріп – тұру қажеттілігінің артуына байланысты SCAT әуе компаниясы "Астана-Атырау-Астана" және "Алматы-Атырау-Алматы"бағыттары бойынша қосымша тұрақты рейстер енгізді. Қосымша рейстерді орындау кезеңі 12.04.2024 бастап 20.04.2024 дейін қоса алғанда.

Компания Атыраудан ұшудың эконом класс билеттері үшін бірыңғай құнын белгіледі.
Бірыңғай тариф бойынша ұшу құны бір бағытта 40 060 теңгені құрайды. Тарифке 10 кг қол жүгі және 23 кг багаж кіреді.

Билеттер барлық ресурстарда, қала әуе кассаларында, сондай-ақ scat.kz сайтында қол және SCAT Airlines қосымшасында қол жетімді.

Клиенттерді қолдау орталығы: 8 7252 99 88 80 тәулік бойы.

e-mail: scat@scat.kz