Маңызды ақпарат!
Астана әуежайының жұмысының шектеуі.

2024 жылы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін Астана халықаралық әуежайы 22:00-ден 06:00-ге дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта елордалық әуежайды толыққанды жаңғырту шеңберінде ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарын түнде жүргізу туралы шешімді көлік министрлігі мен әуежай басшылығы метеорологиялық болжам мен терминалдардың кептелісін зерттей келе қабылдады. Түнгі жұмыс жолаушылар үшін қолайсыздықты азайтады.

Рейстерді орындау кестесіне ықтимал өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалар мен әуежай қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.