Инжиниринг бөлімінің қозғалтқыштар инженері


Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап: 3-6 жыл
Толық жұмыспен қамтылу, толық жұмыс күні

Міндеттері:
- Ұшақта орындалған жөндеулерді, қызмет көрсету бюллетеньдерін, авиациялық қозғалтқыштар мен ҚКҚ (Қосалқы Күш Қондырғысы) бойынша ұшу жарамдылығының директиваларын есепке алу және өңдеу.
- Авиациялық қозғалтқыштар мен ҚКҚ-на техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін қажет құжаттарды дайындау.
- Ұшақтар мен авиациялық қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету үшін шығыс материалдарына, құралдарына және жерүсті жабдықтарға тапсырыс беру.
- Қозғалтқыштар, ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын құралдар мен шығыс материал жабдықтарын жеткізушілермен байланыс құру.
- Жөндеулер мен ұшақтар мен авиациялық қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетудің аса күрделі түрлерін орындауға тікелей қатысу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларын, қызмет көрсету бюллетендерін бағалау.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуге арналған бағдарламаның әзірленуіне қатысу.
- Мемлекеттік органдардың тексеруі мен сертификаттауына қатысу.
- Авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу мекемелерінен қабылдап, жөнелту жұмыстары
- Технологиялық карталарды шығару.

Талаптар:

- Ұшақтарды пайдалану (B1) мамандығы бойынша Авиациялық инженерлік-техникалық жоғары білім. Біліктілігі – инженер.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде және/немесе ұшақтардың  ұшу жарамдылығын сақтауда 5 жылдан асатын практикалық жұмыс тәжірибесі.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді іске асыруға арналған техникалық құжаттарды дайындау тәжірибесі.
- PK, EASA, FAA авиациялық әкімшіліктерінің авиациялық ережелерін білу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларымен, қызмет көрсету бюллетендерімен, авиациялық техника өндірушілерінің құжаттарымен жұмыс жасай білу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің жалпы қағидаларын сенімді түрде білу.
- Ағылшын тілін білу (техникалық құжаттарды түсіну, іскерлік қатынас хаттар жазу, авиациялық қызмет өкілдерімен қарым-қатынас жасау).
- ДК білу – сенімді пайдаланушы.
- ҚКҚ қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу барысын білу, авиациялық қозғалтқыштар мен ҚКҚ конструкцияларын білу.
- AMOS ақпараттық жүйесінде жұмыс жасай білсеңіз артықшылыққа ие боласыз.
- Әуе кемесінің ұшақ жарамдылығын сақтау типі бойынша инженерлік жұмыс тәжірибесі құпталады.

Шарттар:
- Жұмыс орны Шымкент қ., кеңсе Қазақстан Республикасының Шымкент қ. Әуежайының аймағында орналасқан (қашықтықтан жұмыс жасау қарастырылмайды). Бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс күні 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сынақ кезеңі 3 ай (өзіндік жұмыс жасауға дайын болған жағдайда қысқартылуы мүмкін).
- Әуе компанияны әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мекемелеріне таныстыру,  күрделі жөндеулерді сүйемелдеу, авиациялық әкімшіліктердің аудиторларымен жұмысқа, оқуға, әуе компанияның басқа да жағдайлары мен қажеттіліктеріне байланысты қызмет барысымен іссапарлар болуы мүмкін.
- Инжиниринг бөлімінің жетекшісіне бағыну.

Электрондық пошта: k.streltsova@scat.kz & yefremidi@scat.kz