Егер Сіз және Сіздің компанияңыздың қызметкерлері SCAT әуекомпаниясының бағыттары бойынша жиі іскерлік сапарларға шығатын болса, біз бірлестіктік қызмет ету үшін шарт түзуді ұсынамыз. Аталған шарт сіз үшін аса қажетті бағыттар бойынша оңтайлы тарифтерге қол жеткізуге, сонымен қатар әуе тасымалдарына қолма-қол ақшасыз есептесу үшін төлем жүргізу мүмкіндігін береді.
Бизнесті жүргізудің құнын және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіне отырып, SCAT әуекомпаниясы өзінің корпоративтік клиенттеріне бірқатар артықшылықтар ұсынады және брондауды, қызметкерлерге Билеттерді сатып алуды жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, сонымен қатар бизнестің дамуына көмектеседі.
Бірлестік қызмет көрсетуге Шарт жасасу үшін төмендегідей мәліметтер көрсетілетін еркін үлгіде түзілген өтінімді жіберу қажет:
Өтінімді +7 (7252) 45 50 07 факсі, +7 (7252) 99 88 80 (ішкі 267, 279) телефоны , e-mail: corp.sales@scat.kz , m.bussygina@scat.kz бойынша жіберуге болады.
Егер сіз жүксіз саяхаттап жүрсеңіз және отырғызу талонының екі данасын да қағаз тасығышта алып жүрсеңіз, кесте бойынша рейс ұшқанға дейін 30 минуттан кешіктірмей тексеруге және отырғызуға бара аласыз. Егер сізде жүк болса немесе өзіңізбен бірге басып шығарылған отырғызу талондары болмаса, әуежайындағы тіркеу үстеліне рейс ұшқанға дейін 40 минуттан кешіктірмей келіп, отырғызу талоны мен жүк белгісін алуыңыз қажет.
Сіз тіркеу үстеліне рейс ұшқанға дейін 40 минуттан кешіктірмей, "отырғызу талонын қайта шығару" өтінішімен әуекомпания өкіліне жүгіне аласыз.
Сайтта онлайн тіркеуден қайта өтіп, жаңа отырғызу орнын таңдап, жаңа отырғызу талонын сақтауды ұмытпаңыз
Онлайн тіркеуді жолаушы әуекомпанияның ресми сайтында дербес жүзеге асырады. Әуекомпания өкілдеріне жолаушыларды онлайн тіркеуге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, онлайн тіркеуден өту кезінде жолаушы тасымалдауға тыйым салынған жүктердің тізімімен және онлайн тіркеу ережелерімен жеке танысуы керек.
Егер орындар көрсетілген картада (Бос) орындар қол жетімді болса, сіз мұны жасай аласыз. Жолаушыларды топ етіп немесе жеке-жеке тіркеңіз.