Жолаушылар назарына!

2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада, күн сайын сағат 10:00–ден 13:00-ге дейін әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеу қойылады.

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, шектеу әскери шеруге дайындық және өткізуге қатысты қойылмақ. Осы уақыт аралығында әскери авиацияның ұшу-жаттығулары өтеді.

Сапарыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеріңіз және анықтама қызметінен рейсіңіздің барысын алдын ала тексеріңіз:

  • SCAT Airlines: +7 (7252) 99 88 80

Ақпаратты әуежайдың анықтамалық қызметінен де нақтылауға болады.

Түсіністік танытқаныңызға рақмет!