Үрімші
Үрімші

Үрімші - Қытайдың ең қарқынды дамып жатқан мегаполистерінің бірі.

Үрімші

Бұл қалада шығыс мәдениетінің үлгісі, заманауи инфрақұрылым және қайталанбайтын табиғи көрініс әдемі үйлесім тапқан. Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан Үрімші – Қытайдың батысындағы ірі іскерлік және мәдени орталық, Ұлы Жібек жолының маңызды торабының бірі. Мұнда заманауи биік ғимараттар мен шулы базарлар, мешіттер мен іскерлік орталықтар қатар орналасқан. Ал дәмді ұйғыр тағамдары әлемнің түкпір-түкпірінен келген гурмандарды да баурап алады.

2025 жылдың 30 мамырынан бастап SCAT әуекомпаниясы Шымкент - Үрімші жаңа тікелей рейсін іске қосады!

Тікелей рейстер Шымкент - Үрімші бағытында аптасына екі рет: сейсенбі және жұма күндері, ал Үрімші - Шымкент рейстері: сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты - 2 сағат 20 минут. Ұшу күндерін таңдау үшін біздің жоспарымызбен танысыңыз.

Үрімшіге билетті қалай броньдаймыз?

Шымкент - Үрімші бағытына билеттерді scat.kz сайтынан, мобильді қосымшадан немесе SCAT әуекомпаниясының өкілдіктерінен сатып алуға болады. Рейске онлайн тіркеу ұшуға 24 сағат қалғанда қолжетімді, онлайн тіркелсеңіз, әуежайдағы уақытыңызды үнемдейсіз.

Неліктен SCAT-ты таңдау керек?

  • Тікелей рейстер - қосымша аялдама, ауысып мінусіз;
  • Қазақстанның ірі қалаларымен ыңғайлы түйісу мүмкіндігі қарастырылған;
  • Заманауи ұшақтар, тиімді тарифтер, қолайлы кесте;
  • Тарифке байланысты жолжүгін тегін алып жүруге болады.

SCAT әуекомпаниясымен Үрімшіге жайлы ұшыңыз! Билеттерді дәл қазір броньдап, қызықты саяхатқа шығыңыз!

Сізді де қызықтыруы мүмкін