Сізді ең керемет қалалардың бірі - Шанхай күтуде!
Мамыр айында SCAT әуекомпаниясы «Шымкент - Шанхай» бағыты бойынша жаңа рейсін ашады. Ұшақ аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды.
Шанхай - Қытайдың ең сәнді және ірі қаржы орталығы саналады. Бұл қала Пекин мен Гонконгтан да озық десек болады. Сонымен қатар, әлемдегі ең үлкен порт осында орналасқан. Қалада аспанмен таласқан заманауи ғимараттардың неонды жарығы мен колониялық стильдегі шағынаудандар қатарласып тұр. Ал көне храмдар футуристік нысандармен үйлесім тапқандай.
Ең ыңғайлысы - билеттерді scat.kz сайтынан, SCAT мобильді қосымшасынан немесе әуекомпания өкілдіктерінен броньдауға болады. Онлайн тіркеу ұшуға 24 сағат қалғанда ашылады.
Егер сапардың ұзақтығы 30 күннен аспаса және жеке, туристік немесе іскерлік мақсатта болса, Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады, Күрделіліктер болмас үшін қайтар күннің осы мерзімге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Саяхатыңызды жоспарлап, SCAT әуекомпаниясымен Шанхайдың сан қырын таныңыз!