SCAT әуекомпаниясы Шымкент Сеул тікелей әуе рейсін іске қосады
SCAT әуекомпаниясы бағыттар желісін кеңейтіп, 2025 жылдың мамыр айынан бастап жаңа, тұрақты Шымкент - Сеул рейсін ашады! Рейстер аптасына екі рет орындалады::
Сеул – аспанмен таласқан зәулім ғимараттар мен ежелгі сарайлар қатарласа орналасқан қала. Қала көшелері сауда орталықтарының, саябақтар мен түнгі базарлардың жарқыраған шамдарымен көрікті.
Билеттерді scat.kz сайтынан, мобильді қосымшасынан немесе әуекомпания өкілдіктерінен сатып алуға болады. Рейстерге онлайн тіркеу ұшуға 24 сағат қалғанда ашылады.
Оңтүстік Кореяға сапарлайтын Қазақстан азаматтарына виза қажет емес, бірақ елге кіру үшін К-ЕТА (Кореяға кіру үшін электронды рұқсат) рәсімдеуіңіз қажет. Оны алдын ала рәсімдеп қойған жөн.
SCAT әуекомпаниясымен саяхаттап, жаңа бағыттарды ашыңыз!