Борттағы баспасөз беттері
«Aspan» борт журналы
«Aspan» борт журналы ай сайын орыс және қазақ тілдерінде шығатын толық түсті, жылтыр мерзімді басылым (тіркеу нөмірі 11705-Ж). Журнал авиакомпанияның барлық борттарында, ішкі және халықаралық сапарларда таратылады. Сізге арналған нұсқаны алдыңызда орналасқан креслода таба аласыз.
Журналда бүкіл әлем бойынша үнемі саяхаттайтын жоғары білікті журналисттер штаты қызмет жасайды. Олар сіздер үшін ең қызықты материалдар мен соңғы жаңалықтар жинайды. Біз әр түрлі жастағы және түрлі қызмет салаларынан шыққан адамдардың мүдделерін ескереміз, сондықтан журналға көптеген жолаушылар қызығушылығын білдіреді.
«Aspan kids» балалар журналы
«Aspan kids» балалар журналды біздің редакция арнайы кішкентай жолаушылар үшін жасаған. Бұл балалармен сапар шегетін ата-аналар үшін нағыз көмекші. Журнал 1 жастан 12 жасқа дейін балалардың мүдделерін ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Мұнда баланы қызықтыратын бояуға арналған суреттер, ребустар, жұмбақтар және тағы басқа сізге және сіздің балаңызға уақыт озыруға көмектесетін барлығы жиналған. Ал ыңғайлы болу үшін біз әрбір дананы түсті қарындаштармен жинақтадық – бұл журналының барлық айдарларымен ләззат алуға мүмкіндік береді. «Aspan kids» ұзақтығы бес сағаттан артық халықаралық сапарларда қолданылады.
Газеттер мен журналдар
Борт журналдан басқа SCAT әуекомпаниясы ұшу кезінде өз жолаушыларына апталық баспасөзді ұсынады. Экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмір, мәдениет, спорт және сән салаларының соңғы оқиғаларын сіз қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер мен журналдардан білетін боласыз.