Жүкті әйелдер
Жүкті әйелдерді, жүктілік мерзімі бір ұрықты жүктілік кезінде 34 аптаға дейін, ал көп ұрықты жүктілік кезінде – 32 аптадан аспайтын болса, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда әуекомпания әуе көлігімен тасымалдауға қабылдайды, бұл күтілетін босану мерзімі бойынша есептелетін жүктіліктің 22 аптасынан кейін әуекомпанияға ұсынылатын жүктілік мерзімі мен денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуға тиіс.
Бір ұрықты жүктілік кезінде, жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын ал көп ұрықты жүктілік кезінде жүкті әйелдер - 32 аптадан аспайтын, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген өз денсаулығының жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның № 026/у нысанындағы қорытындысын ұсынады, оны медициналық ұйым рәсімдегеннен кейін, тасымалдау басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте болмауы қажет.
Босанғаннан кейінгі, босанған әйелдерді және жаңа туған балаларды бала туғаннан кейінгі алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде тасымалдауға жіберілмейді.
Көп ұрықты жүктілік кезінде босану мерзімінен бұрын туған балаларды тасымалдау үшін балалардың ата-аналары немесе еріп жүретін ересек адамдар әрбір балаға медициналық анықтаманы ұсынады, ол баланы әуе көлігімен тасымалдау мүмкіндігін растайды.