Онлайн тіркеуден өту
Жолаушылар үшін:
Онлайн тіркеу 24 сағат бұрын ашылады және кесте бойынша рейс ұшуына 1 сағат 30 мин қалғанда жабылады.
Рейске тіркеу және жүкті қабылдау халықаралық бағыттарда 60 минут бұрын және ішкі бағыттарда 40 минут бұрын аяқталады.
Рейске тіркелу үшін сізге өз билетіңізде көрсетілгендей етіп тегіңізді және электронды билеттің нөмірін енгізуіңіз керек. Билетті тексергеннен кейін, бағдарлама рейс туралы ақпаратты көрсетеді және сізге ұшақтан орын таңдауды ұсынады.
Тіркеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, браузерді қайтадан іске қосып, қайталап көріңіз. Қайтадан қателік болған жағдайда, бұл туралы SCAT@SCAT.KZ электронды поштасына мәселенің сипаттамасын және жолаушының деректері мен билет нөмірін жаза отырып, хабарлаңыз.
Онлайн тіркеуден өту арқылы, жолаушы билетте көрсетілген рейстің ұшу уақытына кем дегенде 30 минут бұрын халықаралық немесе ішкі рейстер залына кіреді (жолаушы әуе билетінің бағдарына байланысты) және басып шығарылған отырғызу талонын көрсетіп, дереу тексерістен өтіп, ұшаққа отырады.
Ұшу уақыты билет пен отырғызу талонында әртүрлі болған жағдайда, жолаушы билеттегі деректерге немесе ұшу уақытының өзгеруі туралы хабарламаларға сүйенгені жөн.
Әуе кемесі ауысқан жағдайда, жолаушыға өзінің рейске келгенін және отырғызу орнын әуежайдың тіркеу бағанында растау ұсынылады.
Ұшудың қауіпсіздігін және әуе кемесінің орталықтандырылуын қамтамасыз ету мақсатында, әуе компаниясы қажет болған жағдайда, рейске онлайн тіркелу кезінде жолаушы алған отырғызу орнын өзгертуге құқылы.
Егер жолаушы жүкпен саяхаттаса, немесе отырғызу талонын басып шығаруға мүмкіндігі болмаса, онда әуежайға кесте бойынша рейс ұшуынан 40 минут бұрын (ішкі рейстер үшін) жетіп, жүкті рәсімдеу, жүк жапсырмасы мен отырғызу талонын алу үшін тіркеу бағанына келуі керек.
Егер жолаушы жүкпен саяхаттаса, немесе отырғызу талонын басып шығаруға мүмкіндігі болмаса, онда әуежайға кесте бойынша рейс ұшуынан 40 минут бұрын (халықаралық рейстер үшін) жетіп, жүкті рәсімдеу, жүк жапсырмасы мен отырғызу талонын алу үшін тіркеу бағанына келуі керек.
Онлайн тіркеу:
- жеткізіп салушысы жоқ балалар;
- қосымша орындары бар жолаушылар;
- мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қолжетімсіз.
Ұшудан бас тартқан жағдайда, жолаушы рейс ұшуына кем дегенде 2 сағат қалғанда әуе компаниясының ресми сайтында немесе әуежайдың ұшу бағанында тіркеуді алып тастауы керек. Сатып алынған орын болған жағдайда жолаушы тіркеуді алып тастау үшін SCAT@SCAT.KZ электронды поштасына жазуы керек.
Айыппұл санкцияларын болдырмау үшін, броньды алып тастаудың алдында сату агентінен тіркеуден бас тартуды ұмытпаңыз, әйтпесе ұшуға дейін орын бос орын болып саналмайды.
Билетті қайтаруға немесе қайта броньдауға тек ол тіркеуден алынғаннан кейін болады.
Онлайн тіркеу мына рейстерде қолжетімсіз:
- Душанбе-Нұр-Сұлтан;
- Махачкала-Ақтау;
- Жезқазған-Алматы;
- чартерлік рейстер мен маусымдық туристік рейстер (Анталия, Шарм-Эль-Шейх, Пхукет, Гоа).
Рейске борттан орын сатып алу онлайн тіркеуден немесе әуекомпаниясының өкілдерінен тіркеу бағанында тіркеуден өткен жағдайда ұшуға 24 сағат қалғанда қолжетімді.
Орындарды сату тек қана алдыңғы 3 қатарға ашық (1 қатар – 7000 теңге, 2 және 3 қатарлар – 5000 теңге), қалған барлық орындар тегін.
Онлайн тіркеуге қатысты басқа сұрақтар SCAT@SCAT.KZ электронды поштасына немесе кері байланыс формасы арқылы қабылданады.