Онлайн тіркеуден өту
Егер мен онлайн тіркелген болсам, тіркелуге қай уақытта келуім керек?
Жауап:
Егер Сіз жүксіз саяхаттап жүрсеңіз және Сізде қағаз күйіндегі отырғызу талонының екеуі де болса, Сіз тексеріс пен отырғызуға рейстің кесте бойынша ұшу уақытына дейін 30 минуттан кешікпей өте аласыз..
Егер Сіздің жүгіңіз болса немесе өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған отырғызу талондары болмаса Сіз ұшып шығу әуежайындағы тіркеу бағанасына рейстің ұшу уақытына дейін 40 минуттан кешікпей келіп отырғызу талоны мен жүктік бирканы алуыңыз керек.
Үй жануарымен бірге саяхаттайтын жолаушылар рейске онлайн тіркеле алады ма?
Жауап:
Аталған санаттағы жолаушыларға онлайн тіркелу қолжетімсіз. Жануарларды тасымалдау жағдайында тіркелу тек қана әуежайда мүмкін болады, және тіркеу бағанасында жануардың құжаттары мен анықтамалары ұсынылу керек. Жануарларды тасымалдау ережелері әуекомпания сайтында сипатталған:
http://www.scat.kz/ru/animals-and-birds.html
Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар мен оларды алып жүруші тұлғалар рейске онлайн тіркеле алады ма?
Жауап: Аталған санаттағы жолаушылар мен оларды алып жүруші тұлғалар үшан онлайн тіркелу қолжетімсіз. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау ережелері әуекомпания сайтында сипатталған: http://www.scat.kz/ru/passengers-with-disabilities.html
Ересек алып жүрушісіз ұшатын бала (сүйемелденбейтін бала) онлай тіркелуден өте алады ма?
Жауап:
Аталған санаттағы жолаушыларға онлайн тіркелу қолжетімсіз. Сүйемелденбейтін балаларды тасымалдау ережелері әуекомпания сайтында сипатталған:
http://www.scat.kz/ru/chhildren.html
Емізулі баласы бар жолаушылар онлайн тіркелуден өте алады ма?
Жауап:
Екі жасқа дейінгі баласы бар жолаушы онлайн тіркелуден өте алады, алайда тек өткелдегі орынға.
Әуекомпанияда кім қызмет көрсетіп, жолаушыны онлайн тіркей алады?
Жауап:
Онлайн тіркелу әуекомпанияның сайтында жолаушының өзімен жеке жасалады.
Әуекомпания өкілдері жолаушыларды онлайн тіркеуден өткізуге уәкілетті емес.
Сонымен қатар онлайн тіркелу барысында жолаушы тасымалдауға тыйым салынған жүктердің тізімімен және онлайн тіркелу ережелерімен жеке танысу керек.
Тіркеліп қойған жолаушының орнын қалай өзгертуге болады?
Жауап: Сайтта қайтадан онлайн тіркелуден өтіп, бос орынды таңдап, жаңа отырғызу талонын сақтап қою керек.
Рейске кешігіп қалудан қауіптенемін, сол себепті де онлайн тіркелуден алдын ала өткім келеді.
Жауап:
Егер де жолаушы жүкпен саяхаттайтын болса немесе оның өзімен бірге қағаз күйіндегі отырғызу талонының екі нұсқасы болмаса, ол рейстің ұшу уақытынан бұрын 40 минуттан кешікпей тіркеу бағанасына жүгіну керек, ол жерде оған отырғызу талоны мен жүк биркасы беріледі, содан соң ол тексеріс пен отырғызуға өте алады.
Егер де жолаушының жүгі болмаса, жолаушы тексеріс пен отырғызуға ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешікпей өте алады және отырғызу талонының бір нұсқасын әуежай қызметкерлеріне тапсырып, екінші нұсқасын өзінде сақтайды. Қағаз күйінде ұсынылмаған (телефондағы, планшеттегі, ноутбуктағы) отырғызу талондары жарамды болып есептелмейді.
Егер мен онлайн тіркеліп қойған болсам, бірақ ұшудан бас тартатын болсам не істеуім керек және кімге жүгінуім керек?
Жауап:
Ұшудан бас тартатын болса жолаушы ұшып шығу әуежайында тіркеу агентіне немесе әуекомпания өкіліне жүгіну арқылы міндетті түрде тіркеуді алып тастау керек немесе жолаушы ақпараттарын, билеттің және маршруттың нөмірін және рейс нөмірін көрсетіп тіркеуден алып тастау туралы арыз жөнелту керек.
Арызға міндетті түрде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркелу керек. Арыз scat@scat.kz электронды поштасына немесе сайттағы кері байланыс нысаны арқылы жөнелтіледі.
Сату агентінде бронды алып тастау кезінде айыппұлдық санкциялардың алдын алу үшін тіркеуден алып тастау туралы арызды жөнелтуді ұмытпаңыз, әйтпесе ұшып кеткенге дейін орын бос болып есептелмейді. Билетті қайтару немесе қайта брондау тек тіркелуден алынып тасталғаннан кейін, немесе рейс ұшып кеткеннен кейін ғана мүмкін болады.
Интернет баяу жұмыс істегендіктен тіркелу мүмкін болмай жатыр.
Жауап: Онлайн тіркелу процедурасын кейіндеу өтіп көріңіз, басқа браузерді пайдаланыңыз.
Google Chrome (Safari және т.б.) браузерінен тіркелу мүмкін болмай жатыр.
Жауап:
Қазіргі уақытта онлайн тіркелу қосымшасының тұрақты жұмысы Internet Explorer және Mozilla Firefox браузерлерінде қарастырылған.
Келешекте барлық веб-браузерлердің толық қарастырылуы жүзеге асырылады.
Онлайн тіркелдім, бірақ отырғызу талонын басып шығаруға мүмкіндік жоқ (принтер жоқ)
Жауап:
Ұшып шығу әуежайына ұшу уақытынан бұрын 40 минуттан кешікпей келіп, тіркеу бағанасындағы агентке «Отырғызу талонын қайта басып шығару» өтінішімен жүгіну керек.
Онлайн тіркелуден өттім, бірақ отырғызу талонымды жоғалтып алдым.
Жауап:
Ұшып шығу әуежайына ұшу уақытынан бұрын 40 минуттан кешікпей келіп, тіркеу бағанасындағы агентке «Отырғызу талонын қайта басып шығару» өтінішімен жүгіну керек.
Онлайн тіркелу кезінде тізімнен өзімнің ұшып шығу әуежайымды таба алмай отырмын.
Жауап:
Ұшып шығу әуежайының тізімде болмауы сол қаладан ұшатын жолаушылар үшін онлайн тіркелу қызметінің қолжетімсіз екендігін білдіреді.
Қызмет кеңею үстінде, келешекте тізім толықтырылатын болады. Пайда болған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Неге Астанадан Жезқазғанға онлайн тіркелу қолжетімді ал кері қарай қолжетімсіз?
Жауап:
Кейбір әуежайлар сәйкес құрылғылармен жабдықталмаған немесе олар жолаушыларды тіркеудің басқа жүйелерін пайдаланады.
Анталья рейсіне (немесе басқа туристтік бағытқа) тіркелу мүмкін болмай жатыр.
Жауап:
Чартерлік және маусымдық туристтік рейстерге (Антальяға, Шарджаға, Гоаға және т.б.) онлайн тіркелу жүргізілмейді.
Ұялы телефоннан тіркелу мүмкін болмай жатыр.
Жауап:
SCAT Әуекомпаниясының рейстеріне ұялы телефон арқылы онлайн тіркелу қызметі қолжетімсіз..
Дегенмен, жолаушылар интернетке шығатын ұялы телефонды немесе планшетті пайдаланып онлайн тіркелуден өте алады. Бұл жағдайда қызметтің дұрыс жұмыс жасауы құрылғы пайдаланатын интернет браузер мен операциялық жүйеге байланысты болады.
Қалай болғанда да, сәтті тіркелу жағдайында ұшып шығу әуежайындағы тексеріс қызметіне ұсыну үшін отырғызу талонын қағазға басып шығару керек..
Бір топ жолаушыларды бір-бірінің жанына тіркеуге болады ма?
Мысалыға: Мен отбасыммен бірге ұшқалы отырмын және бізге бір қатардан орындар керек.
Жауап:
Егер орындар картасында қолжетімді (бос) орындар болса, болады. Жолаушыларды тобымен немесе жеке-жеке тіркеңіз.
Сайт ақау беріп жатыр:
«Сіздің тіркелу сеансыңыздың уақыты аяқталды»
Жауап:
Әдетте бұл сіздің тіркелу үшін жұмсаған уақытыңыз белгіленген шектеуден асып кеткендігін білдіреді.
Ұсынылатын әрекеттер:
- "Шығу" немесе "Тіркеуге оралу" әмірін басыңыз
-Әуекомпания сайтына қайта кіріңіз
http://www.scat.kz/ru/
-Онлайн тіркелу парақшасын таңдап, тіркелу процедурасын жалғастырыңыз.
Сайт ақау беріп жатыр:
«Сіздің броныңызды таба алмай жатырмыз. Сәйкестендірудің басқа түрін байқап көріңіз. Келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз: Тағы бір рет қайталау/Басқа нұсқалар»
Жауап:
Аталған ақау негізінен келесі жағдайларда пайда болады:
- Рейске онлайн тіркелу әлі ашылмаған әлде жабылып қалған. Онлайн тіркелу рейстің кесте бойынша ұшып шығу уақытынан 24 саған бұрын ашылып, 1 сағат қалғанда жабылады.
- Қате енгізілген ақпарат. Қате енгізілген билеттің, рейстің нөмірінде, таңдалған ұшып шығу күні мен орнында болуы мүмкін. Ақпараттарды қайта енгізу ұсынылады.
-Пайдалануға жарамсыз (қайтарылған, жойылған, бұрын пайдаланылған)билетті тіркеуге тырысқан жағдайда.
Өзіңіздің броныңыз бен билетіңіздің дұрыстығын тексеру үшін кез-келген қолжетімді байланыс арқылы Қоңыраулар орталығына хабарласыңыз. Хабарласудан бұрын Сізге керекті рейске тіркелу ашық па екендігін тексеріңіз (24 сағаттан артық емес, ұшуға дейін 1 сағаттан кеш емес).
Сайт ақау беріп жатыр:
«Бір немесе одан да көп тоғысу рейстеріне тіркелу қазіргі уақытта аяқтала алмайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің клиенттерге қызмет көрсететін агентімізге хабарласыңыз.»
Жауап:
Әрбір рейске жеке-жеке тіркеліп көріңіз, сонымен қатар тоғысу рейсінің уақытын тексеру ұсынылады. Тоғысу рейсінің активациялану уақыты әлі келмеген болуы мүмкін.
Сайт ақау беріп жатыр:
«Орынды өзгерту ақауы. Сіздің сұранысыңыз қазіргі уақытта рәсімделе алмайды. Әуежайда клиенттерге қызмет көрсететін агенттің көмегіне жүгініңіз.»
Жауап:
Ақау 2 жасқа дейінгі баласы бар жолаушылардың кішкентай балалары бар жолаушыға арналмаған орынға тіркелуге тырысуы жағдайында кездеседі. Нәрестесі бар жолаушы тек өткелдегі орныды ала алады.