Маңызды ақпарат
Құрметті жолаушылар,
Шымкент қаласында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты бүгін, 2023 жылғы 10 қаңтарда Шымкент әуежайы Астана уақытымен сағат 14.00-ден 21.00-ге дейін рейстердің ұшып шығуын және ұшып келуін уақытша тоқтатады. Осы кезеңде әуежайда ұшу-қону жолағын тазарту жүргізіледі.
Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесі өзгеруі мүмкін. Сізден SMS-хабарламаларды тексеріп отыруды сұраймыз.
*Хабарламалар билетті сатып алу кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі.
10. 01. 2023