SCAT Ресейге рейстер санын көбейтеді
Халықтың үлкен сұранысына байланысты әуетасымалдаушы Ресей Федерациясына рейстер санын көбейтіп, осы бағытта жаңа маршруттарды іске қосады.
Жұмыс ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде.
Бүгінгі таңда SCAT Мәскеуге Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен рейстер орындалуда. Сондай-ақ, Ақтаудан Грозный мен Махачкалаға рейстер орындалып жатыр.
Нұр-Сұлтан – Мәскеу рейсі енді бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. 15 наурыздан бастап компания Нұр-Сұлтаннан Ресей Федерациясының астанасына сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қосымша жиіліктерді іске қосады, кейіннен күнделікті рейстерді ұлғайтады. «Шымкент – Мәскеу» рейсі бүгін әр сәрсенбі сайын орындалады. 20-шы Наурыздан бастап әуетасымалдаушы жексенбі күндері қосымша жиілікті іске қосады, ал сәуірде рейс санын аптасына 3 ретке дейін арттырады.
«Ақтау – Мәскеу» бүгін сенбі күндері орындалады, 16 наурыздан бастап SCAT әр сәрсенбі сайын қосымша жиілікті іске қосады.
Сонымен қатар, SCAT 15 наурыздан бастап «Алматы – Мәскеу» жаңа бағытын ашады. Аптасына 2 реттен күнделікті орындауға дейін жиіліктерді арттырады.
Қазіргі уақытта компания кестеде жаңа рейстерді енгізуді жүзеге асыруда. Билеттер жақын күндері сатылымға шығады және қалаңыздағы барлық интернет-ресурстар мен кассаларда қолжетімді болады.