Түркияға ұшуды жоспарлап отырған жолаушылардың назарына.
Қазақстан Республикасында карантинді күшейту бойынша қабылданған шараларға байланысты Түркия билігі ҚР азаматтарының келуіне уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты біз Ыстамбұл бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүрміз. Біздің отандастарымызды Қазақстанға қайтару үшін SCAT репатриациялық рейстер ұйымдастырады. "Ақтау – Стамбул - Ақтау" бағыты бойынша жақын арадағы рейстер 7-8 шілде күндері орындалады. Сәрсенбі күні, 8 шілдеде "Шымкент-Стамбул-Шымкент" бағыты бойынша рейс жасалады. Билеттер www.scat.kz сайтында.
Белгіленген нормаларға сәйкес Түркия мемлекеті бағытында тасымалдауға мыналар қабылданады:
- Түркия азаматтары;
- Түркияда тұруға немесе жұмыс істеуге рұқсат иелері;
- Түркия азаматтарының отбасы мүшелері. Неке туралы куәлік немесе туу туралы куәлік негізінде тек күйеуі / әйелі / балалары;
- Түркияның шекарасынан өтпей-ақ, әуежайдың трансферлік аймағы арқылы басқа елдерге ұшатын өзге ұлттардың жолаушыларын тасымалдау.
- Қазақстан азаматтары, тек медициналық мекеменің шақыруы бойынша.
- Түркияда білім алып жатқан студенттер.
Қазақстанға бағыт бойынша:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңінде кесіп өту тәртібінің" 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта басталған мемлекеттерден шетелдіктердің, яғни тек Түркия азаматтары ғана Қазақстан Республикасына келуіне рұқсат етіледі.
Ерекшеліктер тізімі «Карантиндік шектеулер кезеңіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын 2020 жылғы 11 мамырдан өткізу тәртібі» 1 тармағында көрсетілген.
Бұл уақытша шара, сізден біздің жаңалықтарымызды қадағалауды сұранамыз.
#scatairlines