Қаражаттарды қайтару туралы ақпарат
Құрметті достар!
Биылғы көктемде бәріміз күтпеген қиындықтарға тап болдық.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайға байланысты "SCAT" әуекомпаниясы шамамен 3000 рейсті тоқтата тұруға мәжбүр болды. Бұл рейстер бойынша билеттер саны 98 000-нан астам.
ТЖ кезінде ұшулар тоқталып, қайтару процессі де уақытша тоқтатыдған болатын. Бүгінгі күннен бастап біз қайтару процессін бастадық.
Осы қиын кезеңде сіздердің әрқайсыларыңызға шыдамдылық пен түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
• Егер сіз біздің www.scat.kz сайтымызда билетті сатып алсаңыз, компанияға қайта хабарласудың қажеті жоқ. Қайтарулар автоматты түрде, кезек бойынша жасалады. Әр жолаушыға электронды пошта арқылы ақша жіберу туралы жеке хабарлама келеді.
• Егер сіздің билетіңіз басқа ресурстарға сатып алынған болса, онда сатып алу орнымен байланысыңыз. Бұл жағдайда төлемді сіз билетті сатып алған агенттік төлейді.
Өтініштердің көптігіне байланысты қайтару сомалары бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Біріншіден, наурыз айында орындалуы тиіс рейстер үшін төлемдер қайтарылады. Әрі қарай, кезектілік бойынша: сәуір-мамыр айларындағы рейстерге қаражаттар қайтарылады.
Қайтарудың жоспарланған кезеңдері, мынадай:
• 10-30 маусым аралығында 2020 жылдың 16-31 наурыз күндері орындалатын рейстерге қаражат қайтарылады
• 1-31 шілде аралығында 2020 жылдың 1-30 сәуір орындалатын рейстерге қаражат қайтарылады
• 1-31 тамыз аралығында 2020 жылдың 1-11 мамыр күндері орындалатын рейстерге қаражат қайтарылады
Біз бұл уақытты қысқартуға және төлемдерді тезірек жасауға бар күшімізді саламыз.
• Егер сіздің рейсіңіз сәуір немесе мамыр айларында орындалуы керек болса, көрсетілген мерзімде ұшуды күтіңіз. Жоспардан тыс өтініштер қаражатты қайтару процесін баяулатуы мүмкін.
• Егер сіздің ұшуыңыз наурыз айында болатын болса, онда кейінге қалдырылған рейстің күніне негізделген кезек тәртібінде қаражат түсуді күтіңіз.
• Бөгде агенттіктерге жүгіну дәл осы ережелер негізінде қайтарылады.
Біз сізден өзара сыйластық танытуды және кезектілікті сақтауды сұраймыз. Біз қайтару туралы барлық өтініштердің қанағаттандырылатынына кепілдік береміз.
Сенімділік, түсіністік пен шыдамдылықтарыңыз үшін рахмет.