Әуебилеттерді қайтару бойынша маңызды ақпарат
Құрметті жолаушылар
Форс-мажор жағдайына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне және кестенің ғаламдық өзгеруіне қатысты, әуекомпанияның бақылауына жатпайтын себептерге де байланысты бізге билеттерду қайтару және брондау туралы көптеген өтініштер келіп түсуде.
ҚР- да енгізілген ТЖ режимі, сондай-ақ ҚР-ға кіруге/шығуға тыйым салу және Нұр-сұлтан және Алматы стратегиялық маңызды қалаларымен әуе қатынасын тоқтатуы, әуекомпанияның халықаралық және ішкі маршруттарының ірі желісі бірнеше ішкі бағыттарына дейін қысқартуына алып келді.
Бұл жағдай әуекомпаниялар үшін де форс-мажорлық болып табылады.
Компанияның қолданыстағы бағыттардың 99%-ға ұшуын жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, қазіргі уақытта біз ақша қаражатын ТЕЗ АРАДА қайтару үшін жеткілікті ресурстар жоқ. Сонымен қатар, осы мәселелер бойынша өтініштер саны, қазіргі уақытта компания жолаушыларға көмек көрсетудің қуатты штабы құрылғанына қарамастан, бірнеше мыңнан асты. Қолдау орталығының бригадалары бірнеше есеге ұлғайып, телефон желісін, әлеуметтік желілерді және электрондық хаттарды қолдауды қамтамасыз ете отырып , тәулік бойы жұмыс істейді.
Барлық жағдайларды ескере отырып, компания жағдайды тұрақтандырып, кесте қалпына келгенге дейін төлемдерді кейінге қалдыруға мәжбүр.
Қазіргі уақытта, жолаушыларға қаражатты қайтару процесін жеделдету үшін әуекомпания Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қаржылық қолдауға өтініш жіберді
ДӘЛ ҚАЗІР БІЗ СІЗГЕ КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ҰСЫНУҒА ДАЙЫНБЫЗ:
1. Сіз төлемді қайтару туралы өтінім жібере аласыз. Өтінішке маршруттық түбіртектің (билеттің) және жол жүру құжатының көшірмесі қоса тіркелуі керек. Әр құжаттар пакеті ескеріліп, жауапты бөлім жұмысына енгізіледі. Әуекомпания Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде рейстер қалпына келтірілгеннен кейін және мүмкін болса, ертерек төлемдерді төлеуге кірісуге дайын болады.
Ақшалай қаражатты қайтаруға өтінімдер қабылдау үшін жеке электронды мекен-жай жұмыс істейді: VOZVRAT@SCAT.KZ
2. Сіз өзіңізге ыңғайлы күндерге (Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі күндерге) рейстерді ТЕГІН брондауды ресімдей аласыз
Бүгінгі таңда бізді ел басшылығына Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше шаралар қолдануға мәжбүр ететін елеулі қауіп төніп тұр. Сіздерден шыдамды болуларыңызды сұраймыз, әуекомпания әрқашан сіздің тарапыңызда.
Тұтынушыларды қолдау орталығының нөмірі: 8 7252 99 88 80
Төлемді қайтару мекен-жайы: VOZVRAT@SCAT.KZ
Басқа сұрақтар бойынша: SCAT@SCAT.KZ