SCAT әуекомпаниясы «В» тобында «Жыл авиакомпаниясы» болып келеді
SCAT әуекомпаниясы 2019 жылғы авиациялық маркетинг саласындағы Еуразиялық сыйлықтың В тобында (тасымалдау көлемі жылына 1-ден 5 миллион жолаушыға дейін) «Жыл авиакомпаниясы» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Еуразия аймағындағы әуекомпаниялар, әуежайлар және басқа да азаматтық авиация кәсіпорындары арасындағы авиациялық маркетинг саласындағы Еуразиялық сыйлық өткен жылдың қорытындысы бойынша маркетинг және коммерция саласындағы үздік нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорындарды көтермелеу үшін Азаматтық авиациядағы стратегиялық зерттеулер орталығымен (АА СЗО) құрылды.
SCAT әуекомпаниясы екінші жыл қатарынан осы номинацияда лауреат болып келеді.
30. 07. 2019