Назар аударыңыз! Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шығатын авиажолаушыларға
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апаратын автожол аумағында «ЛРТ құрылыс дирекциясы» ЖШС жылдың соңына дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізетіні туралы айтылған болатын.
Осыған байланысты күтіп алушылар мен сапарға шығатын жолаушыларға тіркеуден өту және рейске отырғызуға кешікпес үшін, сондай –ақ, ұшып келген жолаушыларды күтіп алуға үлгеру үшін әуежайға ертерек келулерін сұраймыз.
20. 06. 2019