• Ru
  • Kz
  • En
Забыли пароль?
Отменить
Кіріп Тіркеліңіз
  • Электронды әуе билетін сатып алу
    • Электронды әуе билеттері
    • Электронды әуе билетін сатып алу
    • Бағыт түбіртегі
    • Электронды билетті қайта брондау
    • Төлем түрлері
    • Электронды әуе билетін қайтару
  • Жолаушыларға
    • Әуе сақтандыру
    • Мәлімет және құжаттар
    • Құпиялылық саясаты
    • Жолаушылардың мінез-құлық ережелері
    • Тарифтер типтері
    • Онлайн тіркеуден өту
    • Арнайы ұсыныстар
    • Ерекше шарттар
    • Жүк
    • Бортта
    • Әуе жолымен тасымалдау ережелері
  • Бизнес саласы
    • Корпоративтік клиенттерге
    • Агенттерге
    • Жарнама орналастыру
    • Жүкті тасымалдау
    • Чартерлік рейстер
    • ADM политикасы
  • Компания туралы
    • Компания туралы
    • Компания жаңалықтары
    • АОО
    • Ұшақтар паркі
    • Байланыстар
    • Әуе кассаларын іздеу
    • Борттық журнал
    • Бос орындар
  • Кері байланыс
    • FAQ
    • Кері байланыс үлгісі
    • Онлайн тіркеуден өту
  • Елдер мен бағыттар
    • Тәжікстан
    • Монғолия
    • Жапония
    • Армения
    • Әзірбайжан
    • Грузия
    • Қытай
    • Ресей
    • Түркия

Компания туралы

  • Компания туралы
  • Компания жаңалықтары
  • АОО
  • Ұшақтар паркі
  • Байланыстар
  • Әуе кассаларын іздеу
  • Борттық журнал
  • Бос орындар

BAQ.kz сайтының кореспонденттік материалдары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кішкентай кезінде стюардесса болуды армандамайтын қыз кем де кем шығар. Ақша бұлттардың үстімен ұшып, ел-жер аралау кімге болсын ұнайтыны анық. Ұшып-қону, жаңа қала, жаңа жолаушылар – стюардесса өмірінің бір бөлшегі. «SCAT» әуе компаниясының стюардессасы Әйгерім Қоржанбаева жұмыс барысы қалай өтетіні туралы айтып берді.

BAQ.KZ: Стюардесса болып жүргеніңізге қанша уақыт болды?

Әйгерім: Стюардесса болып жүргеніме 4 жыл болды. Жұмысым көңілімнен шығады. Осы жұмыстың арқасында көптеген елге барып, жаңа қалаларды көреміз. Күн сайын жолаушылар да өзгеріп отырады.

BAQ.KZ: Биіктіктен қорқатын жолаушылар болады. Оларға қалай көмек көрсетесіздер?

Әйгерім: Борт ішіне кірген адамның қорқып тұрғаны көзінен, іс-қимылдарынан көрініп тұрады. Мысалы, қорқып тұрған жолаушы әлдекімнің қолынан ұстауға, әлденеге сүйеніп тұруға ұмтылады. Сусын үлестіріп жүрген кезде де көздерінен қорқып тұрғандары көрінеді. Ондай жағдайда қасына барып, қалын сұрап, қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, әңгімелесеміз.

BAQ.KZ: Жолаушылардың денсаулық жағдайы нашарлап кеткенде кім көмектеседі?

Әйгерім: Бірде Анталия әуежайында жолаушылардың бірі өзін жаман сезініп, ұшқан кезде эпилепсиясы ұстады. Ұшақтағы жолаушылардың бірі дәрігер болып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Борт ішінде дәрі-дәрмек, медициналық құралдары бар қобдиша болады, қажет жағдайда соның ішінен керек затты аламыз. Ең қызығы, қай бағытқа ұшсақ та ұшақта міндетті түрде дәрігер немесе фармацевт болады.

BAQ.KZ: Стюардесса жұмысына неше жастан бастап қабылдайды?

Әйгерім: Бұл жұмысқа 18-25 жас аралығындағы қыздарды қабылдайды. Уақыт өте келе №1 бригадир, нұсқаушы, инспектор жұмысына ауысуға болады.

BAQ.KZ: Мейрам күндері ұшақта болған кездеріңіз жиі болды ма?

Әйгерім: Мейрам күндерін шетелде қарсы алған, ұшақта болған кездерім болды. 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесінде ұжымда ер адамдар жұмыс істеп, бізді демалдыруы мүмкін. Бұл мерекеде жолаушыларға да жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысамыз. Мысалы, астанадан Алматыға 120 адам ұшса, оның 80-і әйел екенін алдын ала анықтап, олардың бәріне кішігірім сыйлық жасаймыз. Жолаушылардың қуанғаны үшін өзіміз де қуанып қаламыз.

BAQ.KZ: Ұшып-қонғанша жымиып, жолаушыларға қызмет етесіздер. Өздеріңіз шаршап тұрғандарыңызды білдіртпеу қаншалықты қиын?

Әйгерім: Басқа мемлекетке барған кезде күн мен түніміз ауысып, ұйқы режимі бұзылып кетеді. Шаршап тұрсақ та, көңілсіз болсақ та жолаушыларға білдірмеуіміз керек. Біздің міндет – оларды жымия қарсы алып, жымия шығарып салып, керек кезде сусындарын, тәтті-дәмділерін үлестіріп, қызмет ету. Өз басым осы жұмысты жақсы көретіндіктен, маған қойылған міндет болғандықтан ғана емес, жалпы өзім көңілді жүремін. 

BAQ.KZ: Сұқбатыңыз үшін рақмет!

30. 04. 2019
SCAT airlines 2013