Әкелу мен кіргізу кезіндегі санитарлық-гигиеналық жадынама
Өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕН КАРАНТИН ТУРАЛЫ ЗАҢЫН шекарада жүзеге асыру ережелеріне сәйкес Қытай Халық Республикасының Сапаны, инспекция мен карантинды қадағалау басқармасы Сізді мына ақпаратпен танысу қажеттелігімен таныстырады:
-
Карантин ауруларын жұқтырудың көзі бола алатын, тасымалдауға қатысты барлық тұлғалар, тасымалдауға арналған құралдар мен жабдық, сондай-ақ жүк, тауарлар мен пошта сәлемдемелері санитарлық-карантин қарауын өткізу мен Шекаралық денсаулық сақтау мен карантиннің басқармасымен бекітілуге жатады.
-
Сізде дене қызуы, жөтел, дем алудың қиындауы, жүректің айнуы, құсу, бас ауруы, бұлшық етттің, буындардың ауырсынуы, бөртпелердің пайда болуы, терінің және шырышты қабықтардың сарғаюы сияқты қандай-да бір белгілер болған жағдайда, бірден экипажбен хабарласыңыз, сонымен қатар келген соң карантин қызметінің қызметкерлерімен кеңесіңіз.
-
Микроағзалар, адами тіндер, биологиялық препараттар, қан мен қан препараттары сияқты ерекше өнімдерді тасымалдауды, алуды және жөнелтуді жүзеге асыратын тұлғалар оларды мемлекет аймағына әкелгенде немесе шығарғанда санитарлық-карантиндік қарауды өткізу үшін денсаулық сақтау және карантин ұйымына осы заттар туралы есепті ұсынуы тиіс. Денсаулық сақтау және карантин басқармасының рұқсатысыз осы өнімдерді әкелуге немесе шығаруға рұқсат етілмейді.
-
Ядерлық материалдар, радиоактивті материалардар, биологиялық қару агенттері, токсикалық химикаттар сияқты және т.б. лаңкестік қызметпен қатысы бар күдікті заттарды тасымалдануға тыйым салынған.
-
Кеміргіштер, масалар, тарақандар және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын жәндіктер мен жануарларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.
АЙЫППҰЛ:
Денсаулық және карантин туралы заңды жүзеге асыру ережелеріне және Қытай Халық Республикасының лаңкестікке қарсы заңына сәйкес төмендегі ережелерді бұзуға 10 000 юань көлеміне дейін айыппұл салынады. Елеулі бұзулар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, полицияға немесе қауіпсіздікті қорғаудың мемлекеттік қызметіне табысталуы мүмкін.
-
Карантин нысандары мен сертификаттардың жасанды көшірмесін жасау немесе карантин нысандары мен сертификаттарын өзгерту, сондай-ақ індет жағдайын декларацияда шынайы баяндамау.
-
Мемлекет аймағына әкелуге тыйым салынған микроағзаларды, адами тіндерді, биологиялық препараттарды, қан мен қан препараттарын немесе жұқпалы аурулардың таралуына алып соғатын жануарлар мен заттарды тасымалдауды жасыру;
-
Індет жағдайын жасыру немесе оның мән-жайлары туралы өтірік айту;
-
Лаңкестік қызметке қатысы бар күдікті заттарды тасымалдау;
Құрметті жолаушылар, Қытайға (қайта) қош келдіңіздер! Санитарлық-карантиндық қарау рәсімінен жылдам әрі кедергісіз өту үшін Сізді мына ақпаратпен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
Қытай Халық Республикасына тасымалдау мен жөнелтуге тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктердің, жануарлардан мен өсімдіктерден шығарылған өнімдер мен карантиннің өзге объектілерінің тізімі.
Жануарлар мен жануарлардан шығарылған өнімдер
-
Тірі жануарлар (мысық пен итті қоспағанда), оның ішінде, барлық сүтпен қоректенетіндер, құстар, балықтар, қосмекенділер, рептилиялар, жәндіктер мен өзге де омыртқасыздар, сондай-ақ жануарлардың генетикалық материалдары;
-
(шикі немесе дайындалған) ет (оның ішінде ішкі ағзалар) және ет өнімдері, су жануарларынан жасалынған өнімдер;
-
Жануралардан алынған сүт пен сүт өнімдері, оның ішінде, шикі сүт, балғын сүт, йогурт, жауарлар сүтінен шығарылған кілегей, май, ірімшік және өзге сүт өнімдері;
-
Жұмыртқа мен жұмыртқадан жасалынған өнімдер, оның ішінде шикі жұмыртқа, консервіленген жұмыртқа, тұздылған жұмыртқа, сұйық жұмыртқалар, жұмыртқа қабығы, майонез және жұмыртқадан жасалынған басқа да өнімдер;
-
Қарлығаш ұялары (консервіленген қарлығаш ұяларын қоспағанда);
-
Май және іш май, тері, жүн, тұяқтар, сүйектер мен мүйіз және бұлардан жасалынған өнімдер;
-
Жануарлардан жасалынған тамақ өнімдері (оның ішінде, ет ұны, сүйек ұны, балық ұны, құрғақ сүт сарысуы, қан ұны мен басқа бөлек тамақ өнімдері), жануарлардан шығарылған қытай медицина препараттары мен жануарлардан шығарылған тыңайтқыштар.
Өсімдіктер мен өсімдіктерден шығарылған өнімдер
-
Балғын жемістер, көкөністер;
-
Темекі жапырақтары (кесілген темекіні қоспағанда);
-
тұқымдар (көктеулер) сеппе көшеттер және өсімдіктердің көбеюіне арналған басқа материалдар;
-
Органикалық қопсыту құралдары.
-
Карантиннің басқа объіктілері
-
Микроағзалар штаммы, вирустар штаммы және жануарлар мен өсімдіктердің ауруларын қоздыратын басқа қоздырғыштар, зиянкес жәндіктер және басқа да зиян ағзалар, жасушалар, органдар мен тіндер, қан мен қан препараттары және басқа да биологиялық материалдар;
-
Жануарлар сүлделері, жануарлармен жасалынған жануарлар түрі мен қалдықтар;
-
топырақ;
-
генетикалық модификацияланған материалдар;
-
Қытайға әкелуге тыйым салынған басқа жануарлар, өсімдіктер мен олардың туындылары және карантиннің басқа объектілері.
Қытай Халық Республикасына тасымалдау мен жөнелтуге тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктердің, жануарлар мен өсімдіктерден шығарылған өнімдердің суреттері, басқасымен қатар
Сізде карантин және екпе сертификаттары бар ма?
-
Тасымалдануы тиісті ұлттық әкімшілік құжаттармен бекітілген, мемлекеттің немесе шығару өңірдің қызіретті органдарымен берілген карантин сертификаты бар, мемлекетке әкелінетін немесе шығарылатын жануарлар мен өсімдіктер, сонымен қатар олардың туынды өнімдері мен карантиннің басқа да объектілері тізіммен қозғалмайды.
-
Бір жолаушыға мемлекеттің немесе шығару өңірдің қызіретті органдарымен берілген каратин сертификаты бар тек бір ит немесе мысықты тасымалдауға рұқсат етіледі.
АЙЫППҰЛ:
Қытай Халық Республикасының карантин және жануарлар мен өсімдіктерді әкелу мен шығару туралы заңына және жүзеге асыруға қатысты регламенттерге, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Қылмыстық кодексінің Өзгерістеріне (VII) сәйкес Инспекция мен карантин басқармасы органдарымен төмендегі ережелерді елеулі бұзулар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартумен 50 000 RMB юань (юань женьминьби) көлеміне дейін айыппұл салынады:
-
Санитарлық-карантиндік қарауды өткізуге өтінімді ұсынуға қабілетсіздік, заңнама талаптарына сәйкес санитарлық-карантиндік бекіту ресми рәсімдерін өтуге қабілетсіздік немесе санитарлық-карантиндік бекіту алу үшін талаптарға сай келмеу қабілетсіздігі.
-
Жануарлар мен өсімдіктерді, олардың туындыларын немесе карантиннің басқа объектілерін рұқсатсыз тасымалдау;
-
Жануарлар мен өсімдіктердің елеулі індетін тудыру;
-
Ауыр салдары бар жануарлар мен өсімдіктердің елеулі індет қатерін төндіру;
-
Жануарлар мен өсімдіктерге карантин сертификаттарының, сондай-ақ мөрлер, белгілер мен пломбалардың жасанды көшірмелерін жасау;
-
Инспекция мен карантинді реттейтін заңдар мен регламенттерін бұзып, басқа да іс-әрекеттерді жасау.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз Қытай әуежайындағы Инспекция мен карантин қызметі қызметкерлеріне жүгіне аласыз.
Көмегіңіз бен қордауларыңыз үшін Сізге алғыс айтып, жақсы ұшу тілейміз!