• Ru
  • Kz
  • En
Забыли пароль?
Отменить
Кіріп Тіркеліңіз
  • Электронды әуе билетін сатып алу
    • Электронды әуе билеттері
    • Электронды әуе билетін сатып алу
    • Бағыт түбіртегі
    • Электронды билетті қайта брондау
    • Төлем түрлері
    • Электронды әуе билетін қайтару
  • Жолаушыларға
    • Әуе сақтандыру
    • Мәлімет және құжаттар
    • Құпиялылық саясаты
    • Жолаушылардың мінез-құлық ережелері
    • Тарифтер типтері
    • Онлайн тіркеуден өту
    • Арнайы ұсыныстар
    • Ерекше шарттар
    • Жүк
    • Бортта
    • Әуе жолымен тасымалдау ережелері
  • Бизнес саласы
    • Корпоративтік клиенттерге
    • Агенттерге
    • Жарнама орналастыру
    • Жүкті тасымалдау
    • Чартерлік рейстер
    • ADM политикасы
  • Компания туралы
    • Компания туралы
    • Компания жаңалықтары
    • АОО
    • Ұшақтар паркі
    • Байланыстар
    • Әуе кассаларын іздеу
    • Борттық журнал
    • Бос орындар
  • Кері байланыс
    • FAQ
    • Кері байланыс үлгісі
    • Онлайн тіркеуден өту
  • Елдер мен бағыттар
    • Тәжікстан
    • Монғолия
    • Жапония
    • Армения
    • Әзірбайжан
    • Грузия
    • Қытай
    • Ресей
    • Түркия

Кері байланыс

  • FAQ
  • Кері байланыс үлгісі
  • Онлайн тіркеуден өту

FAQ

  1. Билеттерді ТМД елдерінде шығарылмаған картамен төлей аламын ба?

    Картада 3D secure код орнатылған жағдайда АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Бразилия, Түркия және Еуропа елдерінде шығарылған карталармен төлеуге болады. 3D secure кодты орнату үшін картаны шығарған банкке жүгіну керек.

  2. Бағдар түбіртегін әуежайға әкелу керек пе?

    Теориялық тұрғыдан бағдар түбіртегін әуежайға әкелу міндетті емес, себебі сіздің ұшуыңызға қатысты барлық деректер әуекомпанияның электронды базасына енгізіліп қойған. Іс жүзінде біз бағдар түбіртегін өзіңізбен алып жүруге кеңес береміз, әуежайдағы қауіпсіздік қызметкерлері сізден оны сұрап қалуы мүмкін. Өзге шет мемлекетке ұшып келген уақытта бағдар түбіртегі көші-қон қызметкерлеріне кері ұшуды растау құжаты ретінде керек болып қалуы мүмкін.

     

  3. Ұшудың ең арзан түрлерін қайдан көре аламын?

    Іздеу кезінде минималды тарифтер ұсынылған тізімде бірінші орналасады.

     

  4. CVC (CVV) дегеніміз не және ұшу төлемін пластикалық картамен жасау кезінде оларды қайдан таба аламын?

    CVC (CVV) – Card Verification Value (Card Validation Code) қысқартылған түрі. Бұл сан, картада таңбаланған, санды енгізу арқылы төлем жасаушы адамның картаның жеке иегері екендігі анықталады. CVC (CVV) енгізу сатып алушылардың тәуекелін азайту үшін керек. Ең танымал төлем жүйелерінің карталарында CVС клиент қолына арналған жолақта орналасады және 3 саннан тұрады. Сонымен қатар, онда картаның толық нөмірі немесе соңғы 4 нөмірі болуы мүмкін.

     

  5. Жүкті әйелдерге ұшуға болады ма?

    Жүкті әйелдер, бір ұрықтық жүктілік кезінде  жүктілік мерзімі 34 аптаға дейін болса, ал көп ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 32 аптадан аспаған болса, денсаулық жағдайының қанағаттандырарлық болу шартымен, оны дәлелдейтін жүктілік мерзімі мен денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйым анықтамасы болған жағдайда, сол анықтама әуекомпанияға күтілетін босану мерзімі бойынша есептелетін жүктіліктің 22 апталық мерзімінен кейін ұсынылған жағдайда әуекомпаниямен әуе кемесімен тасымалға қабылданады.

  6. Мен өз билетімді жоғалтып алдым. Оны қалпына келтіруге болады ма? Қайда баруға болады?

    websales@scat.kz поштаға өтінім жіберу қажет.

  7. Электронды билетті қағаз билетке қайта рәсімдеуге болады ма?

    Өкінішке орай, болмайды.

  8. Банк картасымен төлеуге байланысты қиындықтар пайда болса не істеу керек?

    Банк картасымен жасалатын төлемдер төмендегідей себептермен жүргізілмеуі мүмкін: 

    • Сіздің банк картаңызда төлемге жеткілікті сома жоқ;

    • Сіздің картаңыздың түрі Интернет арқылы жасалатын төлемдерді қабылдамайды;

    • картаның деректері бұрыс көрсетілген (картаның нөмірі немесе жарамдылық мерзімі, немесе CVV/CVS кодтары).

    Төлем сонымен қатар сіздің банкіңізбен күнделікті төлемдер сомасына қойылған шектеулер себебінен жүргізілмеуі мүмкін. Бұл сұрақтарды шешу үшін Сіз өз банкіңіздің мамандарына хабарласа аласыз.

  9. Егер төлемнен кейін бағдар түбіртегі келмеген жағдайда не істеу керек?

    +7 (7252) 99-88-80 телефон нөмірі бойынша әуекомпанияның клиенттерді қолдау орталығына хабарласыңыз. Біздің операторымызға тапсырыс нөмірі мен өзіңіздің электрондық мекен-жайыңызды хабарлаңыз. Біз қысқа мерзім ішінде Сізге бағдар түбіртегіңізді қайта жібереміз.

     

  10. Брондау кезінде Тапсырысты көрсетілген мерзімде төлеуге үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

    Билеттерге төлем жасау уақытының мерзімі сіздің Тапсырысыңызда көрсетілген. Егер Сіз төлемді уақтылы жасай алмасаңыз, Сіздің броныңыз жүйемен автоматты түрде жойылады және қайта қалпына келтіруге жатпайды. Бұл жағдайда жаңа тапсырыс жасау қажет.

     

  11. Егер менің билетім электронды билет болса, әуежайда тіркеуден өту үшін не

    Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты (төлқұжат немесе жеке куәлік, халықаралық рейстерде төлқұжаттың болуы міндетті), электронды билеттің басып шығарылған түрі.

  12. «Транзакцияны орындау кезіндегі қателік» жазуы билетті төлеу кезінде нені білдіреді?

    Сіздің банк картаңызбен төлеу барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Карточка иесінің банкіне хабарласуыңызды сұраймыз.

  13. Билетті қалай қайтара аламын?

    1.Сайттың басты бетінде «Броньды тексеру» тарауын таңдаңыз.

    2.Тиісті жолдарда тапсырыстың нөмірін және билетін айырбастау қажет жолаушының тегін көрсетіңіз, «Тапсырысты табу» батырмасын басыңыз.

    3.Тапсырыс туралы толық ақпаратты қарап шығу режімінде «Билетті қайтару» батырмасын басыңыз

    4. Жолаушылар тізімінде билеттері қайтарылатын жолаушыларды белгілеп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз. Нәтижесінде билеттері қайтарылатын жолаушыларды таңдау терезесі ұсынылатын болады

    5. Жолаушыны таңдағаннан кейін қайтаруды растау терезесі ұсынылатын болады

    Авиабилеттерді қайтару шарттарымен танысыңыз, және қарсылық болмаса «Мен авиабилеттерді қайтару ережелерімен келісемін» жалаушасын қойыңыз. «Билеттерді қайтаруды растау» батырмасын басыңыз

    Ақшалай қаражат картаңызға 5-10 жұмыс күні ішінде түседі (картаны шығарған банкке байланысты).

  14. Билеттің бағыт-түбіртегін қалай басып шығаруға болады?

    Билетке сайтта төлем жасағаннан кейін, «Қайта оралу» пернесін басыңыз, содан кейін «pdf форматтағы бағыт-түбіртек» пернесін басып, принтер арқылы түбіртекті басып шығару керек.

  15. Онлайн-брондау кезінде төлемді VISA Еlectron үлгісіндегі картамен төлей аламын ба?

    Анықтап алу үшін, алдын-ала өз банкіңізбен байланысыңыз.

  16. WebMoney көмегімен Әуе компаниясының сайтында брондалған билетті қалай төлеуге болады?

    Өкінішке орай, WebMoney көмегімен билетке төлем жүргізе алмайсыз.

  17. Есептілік үшін қажетті отырғызу талонын қалай қалпына келтіруге болады?

    Сізге тасымалдау құжаттамасын қалпына келтіру туралы ресми сұрауды invol@scat.kz және invol1@scat.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

  18. Ұшу құны туралы анықтаманы қалай аламын?

    Ұшу құны бағыт түбіртегінде көрсетілген.

  19. Сайтта төленген ұшудан бас тарту кезіндегі ақша қаражатын қайтару мерзімі қандай?

    Тарифті қолдану ережесіне сәйкес қолданылмаған әуежай алымы мен айыппұлын шегере отырып қалған  ақша қаражаты өтінім жіберілген мезеттен бастап 5-30 банктік жұмыс  күні ішінде төлем жүргізілген банк картасына түседі.

  20. Билетті басқа күнге қалай өзгертуге болады?

    1. Сайттың басты бетінде «Броньды тексеру» тарауын таңдаңыз.

    2. Тиісті жолдарда тапсырыстың нөмірін және билетін айырбастау қажет жолаушының тегін көрсетіңіз, «Тапсырысты табу» батырмасын басыңыз.

    Тапсырыс туралы толық ақпаратты қарап шығу режімінде «Күнді өзгерту» батырмасын басыңыз

    4. «Күнді өзгерту» терезесінде маршрут және билеттері айырбасталуға жататын жолаушылардың тектері бөлігі жанына белгі қойыңыз. Күні сызық жолында тасымалдаудың жаңа күнін таңдаңыз

    5. Ары қарай батырмасын басыңыз. Нәтижесінде ұшудың жаңа нұсқасын таңдау терезесі ұсынылатын болады

    6. Тізімнен ұшу нұсқасын таңдаңыз және Ары қарай батырмасын басыңыз. Нәтижесінде айырбастауды растау терезесі ұсынылатын болады. Терезеде айырбастау операцияларының параметрлері – жаңа билет құнының нақтылауы бар ақпарат және жеке жолда осы билетті сатып алу үшін қосымша төлем көлемі туралы ақпарат ұсынылған.

    7. Тарифтерді қолдану шарттарымен танысыңыз, және қарсылық болмаса «Менің тасымалым стандартты жағдайларға жататындығын растаймын және тарифті қолдану ережелерімен келісемін» жалаушасын қойыңыз.

    8. Ары қарай батырмасын басыңыз. Нәтижесінде операцияларды пластикалық картамен төлеу экраны ұсынылатын болады

    9. CVC/CVC2 кодын енгізіңіз және Төлеу батырмасын басыңыз.

  21. Бағыт-түбіртекті орыс тілінде қалай алуға болады?

    Бағыт-түбіртек үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады.

  22. Экранда «Сессия уақыты аяқталды» хабарламасы пайда болса не істеуге болады?

    Брондау үдерісін қайта бастау қажет, өйткені бұл терезенің пайда болуы ұзақ уақыт бойы ешқандай іс-әрекет орындалмағанын білдіреді.

  23. Егер ұшу кезінде билет сатып алынған төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталса не істеуге болады?

    Сіздің бүкіл сапарыңыз барысында төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімі жарамды болуына көз жеткізу өте маңызды. Кейбір елдерде белгілі бір уақыт ішінде (әдетте 6 ай) төлқұжаттың жарамдылығына қатысты талап бар. Өзіңіз сапар шегуді жоспарлап отырған елдің елшілігінен саяхатқа шықпас бұрын төлқұжатқа қойылатын барлық талаптарды тексеріп алыңызды өтінеміз. Егер сатып алған мезеттен бастап ұшу мезетіне дейін жаңа төлқұжат алсаңыз, «SCAT» әуе компаниясының өкілдігінің кеңсесіне билетіңізді және төлқұжатыңызды алып бара отырып немесе билетті сатып алған орын бойынша барып атыңызды/тегіңізді, төлқұжатыңыздың нөмірінің дұрыс жазылуын брондау жүйесіне енгізуіңіз болмаса билетті қайтаруыңыз және жаңа билет сатып алуыңыз қажет.

  24. Егер төленген әуе билетінде тегі мен аты дұрыс көрсетілмесе не істеуге болады?

    Авиакомпанияның www.scat.kz сайтында рәсімделген билетте жолаушының тегін және/немесе есімін жазуда қателік анықталған жағдайда жолаушыға түзетудің қажеттілігін растайтын құжаттардың көшірмесін тіркей отырып, websales@scat.kz электронды мекен-жайға өтінім жіберу қажет.

    www.scat.kz ресми сайтында рәсімделген билеттер үшін мәліметтерді түзету бойынша өтінімдер күнделікті 09:00 – 18:00 аралығында қабылданады.

     

  25. Егер саяхат жасауды жоспарлап отырған елге визаны әлі алмасам, халықаралық рейске сайттан билет сатып ала аламын ба?

    Сіз билетті сатып ала аласыз, алайда әуе компаниясы визаға қатысты туындаған мәселелер үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.

  26. Брондалған билетті қалай төлей аламын?

    Сайтта брондалған билеттерге банк картасымен төлем жасауға болады.

  27. Жолаушылар тобы үшін сайттан билет сатып ала аламын ба?

    Егер сіз топпен біздің компаниямыздың тұрақты рейстерінде саяхат жасағыңыз келсе, онда өтінімді еркін түрде рәсімдеуіңіз қажет. Ол үшін байланыстағы тұлғаның аты-жөнін, байланыс телефонын, жолаушылар санын, рейстер мен бағыттар күндерін көрсетуіңіз қажет. Өтінімді e-mail бойынша groupdv@scat.kz поштасына немесе 8 (7252) 99 88 80, ішкі. 279, 267, 289, 295 нөмірлері бойынша жібере аласыз.

     

  28. Билетті сатып алу кезінде қандай – жергілікті немесе Нұр-Сұлтан – уақыты көрсетіледі?

    Әрбір ұшып кету келу бөлімі үшін жергілікті уақыт көрсетіледі.

  29. «Интернет-банк» жүйесі арқылы Әуе компаниясының сайтында брондалған билетке қалай төлем жасауға болады?

    «Интернет-банктің» көмегімен билетке төлем жасау үшін, жұлдызшамен белгіленген барлық қажетті міндетті жолақтарды толтыру қажет: тегі, аты, жынысы, туылған күні, банк картасының нөмірі, картаның жарамдылық мерзімі.

  30. Тапсырысқа қалай төлем жасауға болады және төлем тәсіліне билеттің бағасы мен сатып алу мерзімі әсер етеді ме?

    Сайтта тапсырысқа төлемді банк картасымен төлеуге болады. Бағасы мен сатып алу мерзімі төлем тәсіліне байланысты емес.

  31. Әуе билетін онлайн режимде брондау кезінде, бірінші терезеде «Икемді іздеу» опциясы бар. Ол не үшін керек?

    Икемді іздеу - әуе билетіне мейлінше арзан бағаны қадағалауға мүмкіндік беретін қолайлы атқарым. Егер сіз нақты бір күнге байланып қалмасаңыз және болжамды күннен бірнеше күн бұрын немесе кейін сапарыңызды жоспарлауға мүмкіндігіңіз болса, негізгі беттегі «Икемді іздеу» белгісін болмаса сіздің іздеу нәтижелеріңіз пайда болғаннан кейін «Жақын күндерге арналған бағалар» белгісін белгілей отырып, осы атқарымды қолдана аласыз. Жүйе сізге жақын күндердегі әуе билеттеріне бағалар қалыптамасын (сіз көрсеткен күннен +/- 3 күн) ұсынады және сіз басқа күндерге мейлінше арзан бағадағы билетті таңдап ала аласыз.

  32. Сайтта билетті сатып алу кезінде қосымша алым төленеді ме?

    Билетті сайттан сатып алу кезінде қосымша алым төленбейді.

  33. Төлқұжат нөмірі неге енгізілмейді?

    Төлқұжаттың сериясы мен нөмірін бос орынсыз және № белгісіз енгізу қажет.

  34. Жолаушының ТАӘ-н орыс тілінде енгізуге болады ма?

    Тегі мен атын тек латын тілінде сіздің төлқұжатыңызда көрсетілгендей етіп енгізу қажет.

  35. Билетті сатып алу кезінде тегі мен атын латын әріптерімен қалай дұрыс көрсетуге болады?

    Тегі мен атын орыс тілінен қазақ тіліне дұрыс транслиттеу сіздің төлқұжатыңызда көрсетілген. Тегі мен атын латын әріптерімен дұрыс жазу билетті сатып алуда орын алатын мәселелердің алдын алуға қажет.

  36. Электронды әуе билеті несімен қолайлы?

    Электронды әуе билеті (немесе e-ticket) – бұл электронды түрдегі әуе билеті; кәдімгі қағаз билеттің орнына ұсынылады. Дәстүрлі бланкілі жүйеде әуеде ұшу ақпараты арнайы қағаз бланкілерде басып шығарылады. e-ticket жүйесінде бұл ақпарат әуе компаниясының арнайы мәліметтер базасында электронды түрде сақталады. Бағыт сипаттамасы, жолаушылар мәліметін нақтылау, төлеу, ұшу мәліметтерін көрсету, алмастыру, қайтару және көптеген басқа іс-әрекеттерді қамти алғанда, барлық операциялар дәл осы базада қадағаланып, өңделіп отырады. Электронды әуе билетін қолдану – қауіпсіздік кепілі, өйткені билет жоғалуы немесе ұрлануы мүмкін емес, өйткені ол мәліметтер базасында сақталады. Электронды әуе билеттерін қазірдің өзінде біздің сайтымыздан сатып ала аласыз.

  37. Әуе компаниясынан спорттық жабдықты (велосипед, шаңғы және қысқы саймандар және т.б.) тасымалдауға қалай растама алуға болады, егер әуе билеті «SCAT» әуе компаниясының сайты арқылы алынса?

    Сізге «SCAT» әуе компаниясының өкілдігінде өтінім толтыру қажет немесе scat@scat.kz поштасына  спорт құралдарын тасымалдау үшін хат жазу қажет.

  38. Мен өзімнің үй жануарыммен саяхатқа шығуды жоспарлап отырмын. Әуе компаниясының сайтында осындай тасымалдауды рәсімдей аламын ба?

    Жануарларды тасымалдауды сайтта рәсімдеу мүмкін емес. Сізге өз қалаңыздағы әуе компаниясының өкілдігіне бару қажет.

  39. Әуе компаниясында хат-хабарды (шабармандық пошта) тасымалдау қызметі бар ма?

    Әуе компаниясы шабармандық пошта қызметтерін орындайды. Ол үшін «SCAT» әуе компаниясының өкілдігіне хабарласып, өтінімді рәсімдеп, көрсетілетін қызметке ақы төлеп, жеткізу мерзімін анықтап алу керек. Сонымен бірге ұшып келу әуежайында поштаны күтіп алу қажет.

  40. Билетті онлайн режимде қалай брондауға болады?

    Сайттың негізгі бетінен «билетті сатып алу» деген белгіні басып, барлық қажетті үлгілерді толтыру қажет. Билетті сатып алу үдерісін жеңілдету үшін, «Билетті сатып алу» деген қосымша беттегі «Электронды билетті сатып алу ережесі» атты нұсқауды пайдалануға болады.

  41. Сіздің сайтыңыздан әуе билетін сатып ала аламын ба немесе сатып алмастан тек брондай аламын ба?

    Біздің сайтымыздан сіз билетті тек сатып ала аласыз, төлемсіз бронь жасауға болмайды.

  42. Билетті рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

    Төлқұжат немесе жеке куәлік (халықаралық рейстерде төлқұжаттың болуы міндетті)

  43. Сатып алынған әуе билетін басқа жолаушыға рәсімдеуге болады ма? Бір жолаушының ТАӘ-н басқа адамның мәліметтеріне ауыстыруға болады ма?

    Өкінішке орай, бұл қызмет мүмкін емес.

  44. Мен Тапсырысты өзге адамның банк картасымен төлей аламын ба?

    Басқа тұлғаның банк карточкасы арқылы Сіз өзіңіздің тапсырмаңызды немесе өзіңіздің банк карточкаңызбен үшінші тұлғаның тапсырмасын төлеуге мүмкіндігіңіз бар. Банк карточканы заңды иеленушінің рұқсатынсіз төлеу заңсыз деп саналады.

SCAT airlines 2013