Қытай
Қытай Халық Республикасы – Шығыс Азиядағы мемлекет. Халық саны жөнінен алғашқы орынды алатын дүние жүзіндегі мемлекет, аумағы бойынша әлемде үшінші орынға ие.
Солтүстік-шығыста Қытай КХДР және Ресеймен, солтүстікте – Монғолиямен, солтүстік-батыста – Ресей және Қазақстанмен, батыста – Қырғыз, Тәжікстан және Ауғаныстанмен, оңтүстік-батыста – Пәкістан, Индия, Непал және Бутанмен, оңтүстікте – Мьянма, Лаос, Вьетнаммен шектеседі.
Астанасы - Пекин.
Халық саны - 1 347 374 752 адам (2010).
Ресми тілі - қытай.
Діні - конфуцийлік, даосизм, буддизм.
Валютасы - юань.