Балалар
Біз барлық жолаушыларды жас ерекшеліктеріне қарамастан компаниямыздың әуе кемесінің бортында қуана қарсы аламыз. Біз ең жас жолаушының өзіне назар аударып, оның риза болып, бізбен қайта ұшуына ниет білдіруі үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Біздің компаниямыз бен сіздің балаларыңыздың арасындағы қарым-қатынасты мейлінше жақсарту үшін, біз сіздерге компаниямыздың ұшақтарында балаларды тасымалдау ережелерімен танысуды ұсынамыз.
“SCAT” әуе компаниясында балалар ересек жолаушылардың сүйемелдеуімен, сонымен қатар сүйемелдеуінсіз де тасымалданады.
Сүйемелденбейтін балалар
Сүйемелденбейтін балалар “SCAT” әуе компаниясының ұшақтарымен тасымалдауға ата-аналары, қамқоршылары немесе туысқандары 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды ішкі рейсте тасымалдау кезінде сүйемелденбейтін баланы тасымалдау туралы өтініш-міндеттемені толтырғаннан кейін ғана қабылданады.
Халықаралық тасымалдау кезінде қосымша түрде әуе компаниясының халықаралық рейсімен 6 жастан 16 жасқа дейінгі баланы сүйемелдеусіз тасымалдауға рұқсат беретін ата-анасының (қамқоршыларының) нотариалды түрде куәландырылған келісімі болуы керек (онда оның баратын елі мен шығу мерзімі көрсетілуі керек).
Сүйемелденбейтін балаларды тасымалдау үшін төлем – тарифтерді қолдану ережелеріне сәйкес төленеді.
Сүйемелденбейтін балалар әуежайға әуе кемесі ұшатын мезетке дейін әуежайда бірге болуы тиіс ата-анасының немесе қамқоршысының сүйемелдеуінде келуі тиіс. Ата-аналары және қамқоршылары сүйемелденбейтін баланы ұшып келу әуежайында күтіп алуы тиіс. Өтінім баспабеттерін «SCAT» ӘК ресми сату кеңселері немесе өкілдіктерінен алуға болады.
6 жасқа дейінгі балалар тек кәмелетке толған жолаушының сүйемелдеуімен ғана тасымалданады.
Балаларды топпен тасымалдау тек әуе компаниясымен келісе отырып қана жүргізіледі.
2002-жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының 5 тармағына сəйкес жетелеуі жоқ кəмелетке толмаған балалар 23:00 сағаттан таңғы сағат 6:00-ға дейін тасымалдануға қабылданбайды.
Сүйемелденетін балалар
Ішкі тасымалдаулар (Қазақстан бойынша):
Жасы 18 жастан жоғары жолаушы 2 жасқа дейінгі бір баланы ақысыз алып жүруге құқылы.
Жасы 2 жасқа дейінгі жолаушымен (18 жастан жоғары) бірге жүретін басқалар ішкі рейстерде қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен және жеке орын ұсына отырып тасымалданады.
Жасы 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ішкі рейстерде 18 жастан жоғары ересек жолаушының сүйемелдеуімен қолданыстағы тарифтің 50%-ын төлей отырып билет бойынша тасымалданады.
Халықаралық рейстерде тасымалдау кезінде:
Жасы 18 жастан жоғары жолаушы ақысыз түрде 2 жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке орын ұсынбастан, тасымалдауға құқылы.
2 жасқа дейінгі жолаушымен (18 жастан жоғары) бірге жүретін басқалар халықаралық рейстерде қолданыстағы тарифтің 50% төлемімен және жеке орын ұсына отырып тасымалданады.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар халықаралық рейстерде 18 жастан жоғары ересек жолаушының сүйемелдеуімен қолданыстағы тарифтің 50%-ын төлей отырып билет бойынша тасымалданады.
2 (екі) жасқа дейінгі балаларға арналған билеттер.
Сіздердің естеріңізге саламыз.
2 (екі) жасқа дейінгі балалармен ұшуды жоспарлаған жолаушылар билетті сатып алу кезінде міндетті түрде бала өзімен бірге саяхаттайтынын кассирге хабарлауға және кассирден билеті талап етуге тиіс. Осы жастағы балалар үшін билет тегін екендігіне қарамастан, оның бар болуы міндетті!
Броньда бала туралы ақпарат болмаған жағдайда SCAT авиакомпаниясы балаңыздың бортқа отыруына кепілдік бере алмайды. Бұл қауіпсіздік талаптарымен шарттастырылған, оған сәйкес 2 (екі) жасқа дейінгі балалар үшін арнайы квоталар бөлінеді, оларды алу балаңызда билеттің болуымен ғана расталады.