Жануарлар мен құстар
“SCAT” әуекомпаниясы үй жануарларын тасымалдау мүмкіндігін ұсынады. Біз сіздің үй жануарларыңыздың әуе тасымалын мейлінше аз күйзеліспен және максималды қауіпсіздікпен өткізуі үшін барлық жағдайларды жасауға дайынбыз.
Жануарлар мен құстар “SCAT” әуекомпаниясы АҚ рейстерімен тасымалға тек әуекомпанияның куәландырылған келісімі болған жағдайда және келуші ел аумағына әкелу рұқсаты немесе халықаралық ұшулар кезінде транзит бар болған жағдайда қабылданады.
Тасымалды брондау кезінде жолаушы тасымалданатын жануардың немесе құстың түрін, санын және де салмағын хабарлауға міндетті.
Жануарлар тек қана тіркелген жүк ретінде, әуе кемесінің оқшауланған жүксалғышында тасымалданады.
Жануарларды багаж бөліктерінде тасымалдау кезінде жануарлардың салмағы тегін багаж алып жүру нормасына енгізілмейді және контейнердің (тордың) салмағын ескере отырып, арнайы багаж тарифі бойынша төленеді. Ұшақта жануарларды жүк ретінде тасымалдауға төлемдер жүк тарифтері бойынша жүргізіледі.
Үй жануарларын БАӘ-не тасымалдауға тыйым салынған!
Көзі көрмейтін және/немесе құлағы естімейтін жолаушыларды тасымалдайтын жетелеуші иттер әуе кемесінің бортында контейнерсіз келесі шарттарды орындаған жағдайда тасымалданады – жетелеуші итті үйрету туралы куәлігі болуы, жануардың тұмылдырығы және мойын жібі болуы тиіс. Жетелеуші ит иесінің аяғының астында креслоның астына орналастырылады. Жетелеуші иттерді тіркеу және ұшу кезінде тамақтандыруға тыйым салынады!
Антогонистикалық жануарларды (ит-мысық) бірге жолаушылар салонында тасымалдауға болмайды!
Әуе компаниясы жануары бар жолаушыға, егер жануарды тасымалдау әуе компаниясының тарапынан брондалмаған және куәландырылмаған болса, тасымалдаудан бас тартуға құқығы бар.
Үй жануарлары мен құстарды әуе кемесінің жүк бөлімшелерінде тасымалдау жолаушылар контейнерінде (торында) жүзеге асырылады.
Жүк ретінде тасымалдау үшін ірі үй жануары, жабайы, тәжірибе жүргізілген жануарлар, аралар мен балық өсіруге арналған материал қабылданбайды.
Контейнер (тор):
- жануар тұруы, жатуы және аунауы үшін жеткілікті мөлшерде үлкен болуы
- берік қаңқасы және жалғастырғыштары болуы
- 3 жағынан желдетілуі. Негізгі желдету жоғарғы жағынан болуы
- таза, су өткізбейтін түбі және жеткілікті мөлшердегі су өткізгіш материалы (сіңіргіш төсеніші) болуы
- сіңіргіш материалдың шашылып кетуін шектеу үшін контейнер түбінің периметрі бойынша шеті болуы
- тұтқалары болуы тиіс.
Рейс ұшқанға дейін 2 сағат бұрын жолаушы жануарды тамақтандырып, суын беруі және міндетті түрде қарап шығуы тиіс.