Агенттерге
Жолаушыларды әуеде тасымалдауды сату туралы агенттік келісім жасау тәртібі.
Құрметті Агенттер, «SCAT әуе компаниясы» АҚ-мен жолаушыларды тасымалдауды сату туралы агенттік келісім жасау үшін, белгіленген тәртіпке сүйеніңіз:
1. Агент ынтымақтастық жасау туралы ұсыныспен және жолаушылар тасымалын сату туралы агенттік келісімді жасау ниетін білдіре отырып, Өтінім жібереді.
1.1 Өтінім фирмалық бланкіде еркін үлгіде рәсімделіп, өкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады.
1.2 Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
- ұйымның толық атауы
- ұйымдастыру-құқықтық үлгісі
- қызмет түрі
- IATA аккредитациясы
- брондау жүйесі мен дайындықтан өткен қызметкердің болуы
- « SCAT әуе компаниясы» АҚ рейстеріне DEL сату көлемі
2. Агент «SCAT әуе компаниясы» АҚ рейстеріне әуе тасымалдауды сату құқығына агенттік келісімге қол қою туралы сұрақты қарау үшін құжаттар тізімін ұсынады.
2.1 Жарғы.
2.2 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
2.3 ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік.
2.4 Салық төлеушінің куәлігі.
2.5 Жайды жалдау шарты немесе жекеменшік құқығына берілетін құжаттар.
2.6 Қарызы жоқтығы туралы қызмет көрсетуші банктен анықтама.
2.7 Банктік деректемелер.
2.8 Агенттің құрылымы.
2.9 Брондау жүйесінің болуы.
2.10 Сату жөніндегі қызметкердің дайындық деңгейі, жұмыс өтілі, брондау жүйесі бойынша дайындықтан өту туралы куәліктерінің болуы.
2.11 Сату кеңселері (билеттерді сату орындарының мекен-жайлары, телефоны, факсі, e-mail, ҚЕБ сақтау шарттары, дабыл беру құралдарымен жабдықтау, күзетінің болуы).
* Құжаттар көшірмелер түрінде ұсынылады және нақты мекен-жайы бойынша жіберіледі:
Қазақстан Республикасы, 160020 Шымкент қ., Әуежай немесе e-mail-ге: corp.sales@scat.kz
Туындайтын сұрақтар бойынша коммерциялық қызмет бөліміне хабарласыңыз: тел/факс: +7 (7252) 99 88 80, ішкі нөмір 279, 267, 289, 295