Армения
Армения Республикасы Еуропа мен Азия арасында орналасқан, Закавказье жерінде, бұл ел 29 800 шаршы км аумақты алып жатыр. Армения 11 облысқа бөлінген. Ел астанасы - Ереван қаласы.
Тілі - Ресми тіл армян тілі, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдері жиі қолданылады.
Ауа райы - Арменияда алуан түрлі ландшафт түрлері бар, 7 географиялық аймақты қоса алғанда, шөлейттік және жартылай шөлейттік аймақтардан бастап альптік және субальптік алқаптарға дейін кездеседі. Ауа райының жазғы орта бағамы 25°С, ал қыстағы температура -5°С. Осы елге сапар шегуге қолайлы уақыт - сәуір мен қазан айларының аралығы.
Діні - Армения – христиан дінін 301 жылы ресми түрде қабылдаған әлемдегі алғашқы мемлекет.
Арменияның ұлттық валютасы драм, 1000, 5000, 10 000, 20 000, 50 000 драм банкноталары, сонымен қатар 10, 20, 50, 100, 200, 500 драм тиындары бар. Барлық банктер мен айырбас орындарында еркін валюта айырбасын жасай аласыздар, айырбасқа ешқандай шектеулер жоқ.
Уақыт белдеуі - (UTC +04:00)
Халық саны - 3 000 000 тұрғын (2014 жыл)
Әуежайы - Еревандағы Халықаралық Звартно́ц әуежайы