• Ru
  • Kz
  • En
Забыли пароль?
Отменить
Кіріп Тіркеліңіз
  • Электронды әуе билетін сатып алу
    • Электронды әуе билеттері
    • Бағыт түбіртегі
    • Электронды билетті қайта брондау
    • Электронды әуе билетін қайтару
  • Жолаушыларға
    • Әуе сақтандыру
    • Жолаушылардың мінез-құлық ережелері
    • Тарифтер типтері.
    • Онлайн тіркеуден өту
    • Ауа райы
    • Валюта ауыстыру
    • Арнайы ұсыныстар
    • Ерекше шарттар
    • Жук
    • Бортта
    • Әуе жолымен тасымалдау ережелері
  • Бизнес-саласы
    • Корпоративтік клиенттерге
    • Агенттерге
    • Жарнама орналастыру
    • Жүкті тасымалдау
    • Чартерлік рейстер
    • ADM политика
  • Компания туралы
    • Компания туралы
    • Компания жаңалықтары
    • АОО
    • Ұшақтар паркі
    • Байланыстар
    • Әуе кассаларын іздеу
    • Борттық журнал
    • Бос орындар
  • Кері байланыс
    • FAQ
    • Кері байланыс үлгісі
    • Онлайн тіркеуден өту
  • Елдер мен бағыттар
    • Литва
    • Тәжікстан
    • Армения
    • Әзірбайжан
    • Грузия
    • Қытай
    • Ресей
    • Түркия

Жолаушыларға

  • Бортта
  • Жук
  • Ерекше шарттар
  • Арнайы ұсыныстар
  • Валюта ауыстыру
  • Жолаушылардың мінез-құлық
    ережелері
  • Ауа райы
  • Онлайн тіркеуден өту
  • Әуе сақтандыру
  • Тарифтер типтері.
  • Әуе жолымен тасымалдау
    ережелері

Тарифтер типтері.Тарифтер типтері.

Тарифтер типтері.

 

Билет құны билетте көрсетілген күндер мен бағыттарға сәйкес билетке төлем жасалған күні әрекет ететін тарифтерге сәйкес есептеледі. Тасымал құнына тарифтер мен алымдар (такстер) қосылған.

Жолаушылар тарифтері қызмет көрсету класстары бойынша эконом классындағы және бизнес классындағы тарифтер болып екіге бөлінеді.

Әрбір қызмет көрсету классында бірнеше жолаушылық тарифтер орнатылуы мүмкін, олар тариф дәрежесі бойынша және/немесе тарифтің қолданылу талаптары бойынша ажыратылуы мүмкін.

Тарифтердің дәрежесі бойынша тасымалды брондау үшін ұсынылған жолаушылардың орындар саны Әуекомпаниямен анықталады.

Пайдаланылу талаптары бойынша жолаушылық тарифтер пайдалану талаптары бойынша шектеулері жоқ тарифтерге (ары қарай – қалыпты стандартты тарифтер) және тарифті пайдалану талптары бойынша шектеулерге ие тарифтерге (ары қарай – арнайы тарифтер) бөлінеді.

Жолаушылар тарифі бір бағытқа қарай тасымал үшін (ары қарай – бір бағытқа қарай тариф) және екі бірдей бағытқа қарай тасымал үшін (ары қарай – екі бірдей бағытқа қарай тариф) бекітіледі. Билеттің тасымалға әрекет ету мерзімі тариф ережелерімен бекітіледі.

Жолаушының қалауы бойынша қайтарудың жалпы талаптары.

 

Толығымен пайдаланылмаған билетті қайтару кезінде пайдаланылған тарифтің ережелерімен бекітілген алымдар алынады.

 

Жартылай пайдаланылған билетті қайтару кезінде қолданылған тариф пен сәйкес немесе жоғарырақ брондау санатының пайдаланылған бағытының тарифі арасындағы айырмашылық қайтарылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

Қайтарып беру үшін алымның әрбір тарифтік компоненттен алынуымен рұқсат етілген. Бір тарифтік компоненттен көбірек қайтарып беру болған жағдайда алым жинақталады. Жартылай пайдаланылған билетті қайтарғанда алым тарифтік компоненттен  алынады, соның ішінде пайдаланылған тарифтік компоненты.

Пайдаланылмаған билетті қайтарудың әрекет ету мерзімі 1 жылға бекітіледі:

-толығымен пайдаланылмаған жағдайда –тасымал сатылған күннен бастап;

-жартылай пайдаланылған жағдайда –алғашқы кезекте рәсімделген билетте көрсетілген тасымалдың басталу күнінен бастап.

 

Егер аттану бекетінен бастап ұшу купондарының реттілігі бұзылған жағдайда билет сомасы жарамсыз болып табылады.

 

YR таксасы қайтарып беруге жатпайды. Пайдаланылмаған әуежай алымдары қайтаруға жатады.

 

Жолаушының қалауымен тасымал шарттарының (күнінің/ұшу уақытының) өзгертілуі.

 

Егер Сіз Өзіңіздің тасымал шарттарыңызға өзгеріс енгізгіңіз келсе, бірінші кезекте, бізбен хабарласуларыңыз міндетті. Тасымалдау шартын өзгерту кезінде тасымал бағасы қайта есептелетін болады, және де Сізге жаңа баға қолайлы ма, әлде Сіз саяхатты алғашқы билет шарттарында жасауды қалайтындығыңызыды таңдау керексіз.

 

Ұшу күнін немесе уақытын ауыстыру кезінде брондаудың сәйкес санатында орын болған жағдайда билеттің тасымалға әрекет ету мерзімі шегінде қолданылған тариф ережелерімен белгіленген шарттарды өзгерту алымдары алынады.

 

Қайта брондау болған жағдайда әрбір тарифтік компоненттен алынады. Бір тарифтік компоненттен көбірек қайта брондау болған жағдайда алым жинақталады.

 

Сәйкес брондау санатында орындар болмаған жағдайда Сізбен бұрын сатып алынған тасымал құны мен жаңа тасымалдың жалпы құны арасындағы айырмашылық төленеді, қолданылған тариф ережелерімен бекітілген шарттарды өзгерту алымы алынады.

 

Әуе билетінің тасымал үшін жарамдылық мерзімі қолданылған тариф шарттарымен анықталады.

 

Қалыпты тариф бойынша рәсімделген билеттің тасымал үшін жарамдылығы тасымал күнінің басталуынан бастап бір жыл бойы жарамды болып табылады.

 

Арнайы тариф бойынша рәсімделген билет тасымал үшін тек билетте көрсетілген күнге дейін және әуекомпания тарифтерін қолдану ережелерімен бекітілген шарттарда жарамды болады.


АҚ  «SCAT Әуекомпаниясы» тарифтердің қолдану шарттарына алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізуге құқылы.

 

SCAT airlines 2013